Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2023
Көкшетау ауыз судан тарықпайды
Ұзақ жылдан бері ауыз судың зардабын тартып келе жатқан облыс орталығы тұрғындарын «Су тазарту стансасы салынып жатыр» деген хабар айрықша қуантты. Станса жанынан арнайы зертхана да бой көтермек.
Экономика • 07 Желтоқсан, 2023
Ақмолада атқарылған жүйелі жұмыстар
Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов баспасөз конференциясын өткізді. Ол 2023 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму туралы баяндама жасады. Соңынан қоғам арасында туындаған, журналистерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
Білім • 07 Желтоқсан, 2023
Дамыған елдердің кәсіптік, техникалық білім беру сапасына баса назар аударатынын көріп жүрміз. Ал біздің елде орта кәсіптік білім «төменгі санатқа жатады» деген түсініктің бары өтірік емес. Сөйте тұра 531 мың студент колледжде оқиды. Бұл парадокс еңбек нарығына аса қажетті мамандарды даярлауға кедергі келтіреді. Өз ішіне өзі бұйыға түскен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жай-күйін қаузап көрдік.
Қазақстан • 07 Желтоқсан, 2023
Сирек жер металдарын пайдалану нақты бір өндірістің инновациялық даму деңгейін көрсетеді. Елдердің био және нанотехнологияларға, атом және ғарыш өнеркәсібіне, сондай-ақ «жасыл» энергетикаға негізделген неғұрлым озық жаңашылдықтарға көшу үдерісінде мұндай элементтер стратегиялық маңызға ие.
Ипотека • 07 Желтоқсан, 2023
Ипотекалық баспана қолжетімді ме?
«Жыл басталысымен елімізде жаңа «9-20-25» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады» деген ақпар халықты елең еткізген еді. Бұған «Бәйтерек» холдингі де, «Отбасы банкі» де нақты түсінік бере алмаған болатын. Таяуда өткен Үкімет отырысында осы жайында біраз мәлімет жария болды. Сонымен жаңа жылдан кейін халықтың баспаналы болуына мүмкіндік беретін тағы бір бағдарлама іске қосылмақ.