Медицина • 14 Қараша, 2023
Астанада Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен «Қазақстанның респираторлық медицинасы: көзқарастармен шешімдердің эволюциясы» атты II Ұлттық респираторлық медицина конгресі өтті. Онда респираторлық медицинаны дамыту келешегі талқыланды.
Саясат • 14 Қараша, 2023
Бірнеше еуропалық мемлекет Транскаспийлік халықаралық көлік бағдарына кіруге қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаевтың Брюссельде еуропалық ұйымдардың басшыларымен өткізген бірқатар екіжақты кездесуінде белгілі болды.
Денсаулық • 14 Қараша, 2023
Қарап отырсақ, түрлі қоғамдық қорлар, яки үкіметтік емес ұйымдар мен халықаралық зерттеу агенттіктері көптеген сауалдама жүргізіп, өз деректері мен дәйектерін алға тартып жатады. Әлбетте, мұндай бастамалар қандай мүдде мен пиғылға жұмыс істейтіні – бөлек әңгіме. Ешқашан дәл статистика жасау мүмкін емес десек те, осы арқылы кез келген мәселенің нобайын болжауға болады.
Қоғам • 14 Қараша, 2023
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңартпай, иесіз желілерді ретке келтірмей, білікті мамандарды тартпай, бұл салада ел тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуге тырысу босқа әуре болумен тең. Сондықтан елімізде жүзеге асырылып жатқан «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасына сәйкес электрмен, жылумен және сумен жабдықтау, су бұру инженерлік желілерін жаңғыртуға қомақты инвестиция тартып, 2029 жылға қарай тозу деңгейін 20%-ға төмендету межеленген.
Театр • 14 Қараша, 2023
Мәскеу биігіне көтерілген «Жібек саты»
Әлемді үздік ізденісімен тәнті етіп жүрген бекзат өнер ордасы – «Астана Опера» театрының талантты труппасы Мәскеуде өткен «Музыканы көру» VIII музыкалық театрлар фестивалінде табысты өнер көрсетіп қайтты. ХХ ғасырдағы біртуар опера әншісі Галина Вишневскаяның әйгілі опералық ән айту орталығына жиналған талғампаз көрермен астаналық театр ұжымы ұсынған Дж.Россинидің «Жібек саты» спектакліне тамсана қол соқты.