Медицина • 13 Қараша, 2023
Медициналық тексеруге – 1 минут
Халық медициналық тексеруден өтуді қиынсынып жатады. Себебі уақыт көп алады, жұмысы да көп. Содан болар бұл парақты медициналық қызметкерлер сатып, халық оны алып жатады. Бұл мәселенің алдын алу үшін заңгер, кәсіпкер Шыңғыс Құлахметов медициналық тексеруден өтудің автоматтандырылған жүйесі Med365-ті өндіріске еңгізген.
Ауыл • 13 Қараша, 2023
Байланыстан тыс қалған ауылдар
Жетісуда 20 ауыл байланыс аясынан тыс жерде. Бүгінде өңірдегі 352 елді мекеннің 287-і мобильді интернетке қол жеткізіп отыр, ал 65-інің жайы мәз емес. Ондағы халық тау-тасты, төбені жағалауға мәжбүр. Ол ол ма, солардың ішінде 135 ауылдың тұрғындары 4G-ға тіркелген, қалғанының ұялы телефоны 3G-ді әрең ұстайды. Тіпті облыс орталығына жақын кейбір ауылда мәселе толық шешілмеген.
Теннис • 13 Қараша, 2023
Танымал Metaratings.ru сайты биылғы маусымда WTA санатындағы жарыстарда өнер көрсетіп, ең көп табыс тапқан теннисшілердің рейтингін жариялады. Үздіктер тізімінде Польшаның мақтанышы Ига Свентек көш бастап тұр.
Зерде • 13 Қараша, 2023
Кенесарының тарихи рөлін зерделеген тарихшы-ғалым Елтоқ Ділмұхамедов туралы
Биыл көрнекті тарихшы Елтоқ Ділімбетұлы Ділмұхамедовтің туғанына 120 жыл толды. Тарихымызды тануда бірі білсе, бірі біле бермейтін, ел үшін атқарған орасан зор еңбегі бар ғалым осыдан 77 жыл бұрын «Кенесары – халық қаһарманы» деген тұжырым жасады. Бірақ осы үшін кеңестік саясаттың неше түрлі теперішін де көрді.
Теннис • 13 Қараша, 2023
Бұл күндері Испанияның Севилья қаласында теннистен әйелдер арасындағы Билли Джин Кинг кубогі өтіп жатыр. Жүлде қоры 9,6 млн долларды құраған дүбірлі додада Қазақстан құрамасы В тобының фавориті саналғанымен олар ел сенімін ақтай алмады.