Таным • 13 Қараша, 2023
Түркістан өңірінде балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ әдебиетін, ақын-жазушылар шығармаларын насихаттау мақсатында бірқатар игі іс қолға алынған. Мысалы, Келес ауданы Б.Момышұлы атындағы №59 жалпы орта мектебінің кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап оқу байқауы» басталды.
Тарих • 13 Қараша, 2023
Жуырда Жамбылдың әдеби-мемориалды музейіне ұлы ақын туралы ең алғашқы жазбаша деректі («Терме» журналы, 1925 ж) хатқа түсіріп, оны баспасөз бетінде жариялаған белгілі ғалым Шамғали Сарыбаевтың немересі Майра Сарыбай келіп, 1958 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің №6 (163) санында жарық көрген «Жамбыл жайында тұңғыш дерек» атты мақаланың ксерокөшірмесі мен 1936 жылы Мәскеу қаласында түсірілген тарихи фотосуреттің (ақынның жанында Шара Жиенқұлова мен Күләш Байсейітова) түпнұсқасын табыстап, музей қорын біршама байыта түскендігі туралы аталған музейдің ғылыми қызметкері Рәтбек Терлікбаев хабардар етті.
Денсаулық • 13 Қараша, 2023
Қант диабетіне шалдыққандарға көмек
Елімізде бірінші және екінші типтегі қант диабетімен ауыратын 400 мыңнан аса пациент болса, осы қатарға жыл сайын 18 мыңнан 30 мыңға дейін науқас қосылады екен. Қант диабетіне шалдыққандар тек елде ғана емес әлемде көбейіп барады. Бетін аулақ, кейбір деректерде 2045 жылға қарай әлемде 783 млн пациенттен осы кесел анықталады деген болжам бар. Қант диабетімен күрес күні қарсаңында өткен баспасөз мәслихатында тақырыпқа қатысты көптеген мағлұматқа қанықтық.
Руханият • 13 Қараша, 2023
Қазақтың ежелгі генетикалық жадысынан орын алған ұлттық қасиеттерінің бірі һәм бірегейі ат сыншылығы. Бұл туралы ел ішінде небір аңыз-әңгімелер жетерлік. Атап айтсақ, соның бірі – ХVII ғасырда өмір сүрген атақты Толыбай сыншы. Бұл кісінің сыншылығы хақында ғұлама атамыз Мәшһүр Жүсіп және жазушы Сәуірбек Бақбергеновтің жазбаларында кездеседі.
Пікір • 13 Қараша, 2023
«Egemen Qazaqstan» газетінің 4, 16 тамыз күнгі сандарында «Әділдік жолы: бағыт пен бағдар», «Үкіметке үлкен жауапкершілік жүктеледі» деген екі мақалам жарық көрген еді. Мұнда біз еліміздегі көкейкесті мәселелерді қозғап, ой бөліскен едік.