Тарих • 08 Қараша, 2023
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қасіретінің 300 жылдығына орай Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде «Қазақты сансыратқан қанды қасап» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Басқосуға жиналған тарихшылар мен ғалымдар, зиялы қауым өкілдері бұл қасіреттің қыр-сырын баяндап, тарихта мұндай сұмдық қайталанбас үшін қандай амал қажеттігін ашық түрде мәлімдеді.
Таным • 08 Қараша, 2023
2023 жылдың 10-25 қыркүйегі аралығында Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласында ЮНЕСКО-ның 45-отырысы өтті. Онда әлемнің біраз еліндегі мәдени-рухани мұраларды ЮНЕСКО-ның тізіміне алып, қорғау мәселесі қаралған. Алып Алтай, Оңтүстік Сібір, Солтүстік-батыс Моңғолия жерінде ежелгі скифтердің (скуз) мәдени мұрасы ғылыми әдебиеттерде «бұғытас» деп аталса, байырғы түркі жазба деректерде «сынтас» деп аталған. Осы мұралардың 80%-ы Моңғолия жерінде. Моңғол билігі аталған мұраларды ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізіп, қорғауына алу мәселесі осы жиында қарастырылды. Сынтастар (бұғытас) ЮНЕСКО-ның қорғауына алынып, Қытайдың ұлы қорғанымен, Үндістанның Тәж-Махалымен тең, әлемдік бірінші дәрежелі тарихи мұра деп бағаланды. Бұл мұраның сақтаушысы Моңғол мемлекеті болғанымен, мұраның түпкі иесі – оны жасап қалдырушылар түркілер. Белгілі түркітанушы ғалым ежелгі скифтерден қалған осы құндылық туралы сөз етеді.
Тұлға • 08 Қараша, 2023
Алла тағала халқын жарылқайын десе, келешекте ұлт қамын жейтін екі ұлын бір-біріне тірек, сүйеу, жанашыр етіп жарататын болса керек. Қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларына айналған Кереку өңірінің тумалары, ақын Қалижан Бекқожин мен Қабдыкәрім Ыдырысов туралы осылай толғануға болады. Қалекең аға болып жыр айдынында күркіреп тұрған тұсында соңынан ерген балаң талапкер Қабдыкәрім інісін қолтықтан сүйегенін біреу білсе, біреу білмес. Тіпті ғұмыр бойы поэзиядағы аяқ алысына қолдау білдіріп, жанашырлық танытқанына тек сүйсінуге болады. Биыл Қалижан Бекқожиннің дүниеге келгеніне 110 жыл толса, Қ.Ыдырысовтың туғанына – 95 жыл. Сондықтан біраз уақыттан бері көкейде жүрген, адамгершілікті алтын арқау еткен осынау дүниені ақ қағазға төгілтіп ұсынар кез жеткендей.
Денсаулық • 08 Қараша, 2023
Көз ауруын анықтайтын нейрожелі
Отандық ғалымдар сирек кездесетін көз ауруларын анықтайтын нейрожелі ойлап тапты. ZebraEye медициналық суретті пайдаланып, жасанды интеллект арқылы дәрігерлерге диагностика жасауға көмектеседі. Осылайша, мыңдаған қате диагноз жойылмақ.
Теңге • 08 Қараша, 2023
Коллекциялық монеталар айналымға түседі
Таяуда Ұлттық банк «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар сериясы аясында «Teńgege 30 jyl» коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.