Сараптама • 08 Қараша, 2023
Жер шарындағы өзгеріп жатқан климат, яғни жаһандық жылу, табиғи экожүйенің бұзылуы, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, әлемдік мұхиттың ластануы, қоқыстың көбеюі – қазір әлемдегі күн тәртібінен түспейтін өзекті тақырыптар. Бұл мәселелер бойынша түрлі зерттеу жүргізіліп, есептер жазылды. Солардың бірі – қолданушыларға кәсіби бағытта пайдалы бола алатын «LinkedIn» компаниясы жүргізген зерттеу.
Еңбек • 08 Қараша, 2023
Шыны керек, қазір қай өңірде болсын, жалақы мәселесін алға жалаулатқан жұмысшылар еңбегіне сай еңбекақы ала алмай жүргенін алға тартып жатады. Түрлі мекемелер мен кәсіпорындарда тер төккен азаматтардың жанайқайы кімді де болсын ойландырса керек.
Құқық • 08 Қараша, 2023
Бүгінде әлеуметтік желілерде жеткіншектердің заңсыз ойындары қаптап кетті. Әсіресе «Көк кит», «Тыныш үй», «Жүгіріп өт немесе өл» атауымен танымал ойындар жасөспірімдердің санасын улап қана қоймай, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеп жатыр. Бұл ойындарға көбіне 7-10 сынып оқушыларының әуестеніп бара жатқаны да алаңдатады. Цифрлы қоғамда бала қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеміз?
Медицина • 08 Қараша, 2023
Онкологиялық дерттен айықтыру ізденістері
Кейінгі жылдары ел медицинасында онкологиялық аурулардың алдын алып, емдеп-жазуға басымдық берілді. Аймақтар онкологиялық диспансерлермен толықса, Павлодар, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында онкологиялық орталықтар ашылды. Бірер күн бұрын Қазақстан онкологтері мен радиологтерінің IX съезінде тәжірибелі мамандар саладағы жетістіктермен қатар алдағы мақсат-міндет турасында пікір алмасты.
Мәселе • 08 Қараша, 2023
Ғалымдардың зерттеуінше, Каспий теңізі қазіргіден 18 метрге дейін тартылуы мүмкін. Осыған орай енді елімізде Каспий теңізін қадағалайтын ғылыми-зерттеу институты құрылатын болды. Бұл жаңалықты аймақ жұртшылығы екі жыл күтті.