Егемен Қазақстан • 07 Қараша, 2023
«Егемен Қазақстан» мұрағатындағы тарихи деректер
Биыл 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың белді өкілі, Торғай көтерілісінің қолбасшысы Аманкелді Имановтың туғанына 150 жыл толу орайында мына бір дерекке тоқталғанды жөн көріп отырмыз. Екінші дүнижүзілік соғыс жүріп жатқанда «Социалистік Қазақстан» газетінің 18 маусым күнгі № 121 санында батыр туралы мақалалар топтамасы жарияланыпты. Бұл деректер 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тарихын және батырдың өмірбаянын зерттеп жүрген адамдар үшін қажет болары анық.
Тағзым • 07 Қараша, 2023
Биікке өлшем беру үшін билердің сөзіне жүгінетін қазақтың бабаға деген құрметі баланың әкеге деген махаббатындай. Ақ сауытын асынып, бабалар аруағына сүйеніп, ата жауын тықсырған даналарымыздың рухы өр, ойы дария. Ғасыр аунаса да бозжусан бейнесінің бояуы жұқармай, атар таңның қызылсаң сәулесіндей қайта бой көтеріп, болашақтың жүзіне нұрын шашып тұратыны содан-ау, сірә. Ендеше, Жетісу жұртының елі сүйген Ескелді бидің 330 жылдық мерейтойын тойлауының себебі арыда жатқанын осыдан-ақ аңғара беріңіз.
Руханият • 07 Қараша, 2023
Үнді қайраткері Қазақстан туралы не жазды?
Кейде айна-тарихтың бетін сүрткен сайын оның ар жағынан өткен дәуірдегі алуан түрлі оқиға, тарихи шындықтар, тіпті заманның ағысына төтеп беріп, өз еңбегімен ел жадында қалған тұлғалар туралы деректер кездеседі. Сол үшін де кешегі күннің оқымыстысының бірі Хенри Гласси: «Тарих – өткен күн ғана емес, ол қазіргі жиһанкезге пайдасы зор белгілі бір көзқарасқа ие карта» деп бекерге айтпаса керек. Қалай десек те, қазақ тарихы қазған сайын қазынасы қопарылып шыға беретін сарқылмас байлыққа ұқсайды. Әрине, тамыры терең, салты мен дәстүрі бекем елдің өткен уақыттың еншісінде өз үлесі болары даусыз. Отарлық саясат қанша жерден бұғалық салса да, тарихты ешкім тұншықтыра алмайтынына көз жетті. «Тарих сұрақ қоя білген адамға ғана жауап береді». Бұл парасатты сөзді осыдан бір ғасыр бұрын дүниеге келген Хаджо Холборн айтыпты. Оның бұл пайымы өз тарихыңды іздеуден жалықпа дегенді айтып тұрғандай. Әрине, іздейміз де. Өткен дәуірге, қызыл көз қоғам мен солақай саясатқа біздің көбірек есеміз кетті.
Аймақтар • 07 Қараша, 2023
Жаңашылдыққа бет бұрған мәслихат
Павлодар облысында мәслихаттар депутаттары азаматтармен жұмыс істеудің жаңа бағыттарына көше бастады. Бұдан былай халық қалаулылары мемлекеттік органдарға сауал жіберу, шенеуніктерден белгілі бір шешімдерді талап ету, жұртшылықтың шағымын талдау бойынша оңтайлы әдіс-тәсілдерге үйретілмек.
Инфляция • 07 Қараша, 2023
Жылдық инфляция өсімі баяулады
Елімізде жылдық инфляция қазан айының қорытындысы бойынша 10,8 пайыз болды. Осылайша, қыркүйекпен салыстырғанда төмендеу байқалды (өткен айда 11,8 пайыз болған). Ұлттық статистика бюросы таратқан ақпаратқа сүйенсек, соңғы бір жыл ішінде азық-түлік тауарларының бағасы – 10,4 пайызға, ақылы қызметтер – 11 пайызға, азық-түліктік емес тауарлар 11,1 пайызға қымбаттаған.