Қоғам • 08 Қараша, 2023
«Stopfake.kz» порталы кейінгі үш жылда отандық кеңістіктен 3 мыңнан астам ақпараттың жалған екенін анықтаған. Биылдың өзінде 760 басылымның дерегі тексерілген. Талдау барысында фейк жаңалықтың көбіне вакцинация, коронавирустық пандемия, қастандық жасау, 5G байланыс форматы және интернет-технологиялар тақырыбында тарайтыны белгілі болып отыр.
Саясат • 08 Қараша, 2023
Кеше Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Онда елімізде егін жинау науқаны аясында республиканың нан мен ұнға деген қажеттілігін толық қамтамасыз ету үшін жеткілікті астық жиналғаны мәлім етілді. Отырыста министрлер кабинетінің заң жобалау жұмыстары жоспарының 2024 жылға арналған жобасы да пысықталды.
Теңге • 08 Қараша, 2023
Қазақстан Ұлттық банкі 1992 жылдың 27 тамызы күні теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Онда ұлы тұлғалардың портреттері бар-тын. Ертесіне қазақ валютасының дизайнын жасаған Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Ғабжәлеловтер Англияға аттанды. Теңге Ұлыбританияда басылып шықты. 1993 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Президенті «Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.
Ауыл • 08 Қараша, 2023
Еліміздің барлық өңіріндегі шалғай ауылдардағы оқушыларды тасымалдауға мемлекет бюджетінен 488 су жаңа мектеп автобустары берілді.
Қоғам • 08 Қараша, 2023
Осыған дейін 3-6 жасқа дейінгі балаларды балабақшамен қамтуды 100 пайызға жеткізгенімізге қуандық. Алайда балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен 2 жастан қамту мәселесі алға шықты. Өйткені мектеп жасына жетпеген балалары бардың басым бөлігі – жас отбасы, ал бас қосқанына көп болмаған ерлі-зайыптылардың көбі ипотекаға байланған. Мұндай жағдайда оларға ұзақ жыл 1 адамның жалақысымен күн көру қиын. Сол себепті де аналар арасында декреттік демалыста ұзақ отырмау, баласын ерте жастан балабақшаға беру үрдісі белең алып барады. Бірақ елімізде сәбилерді қабылдайтын мектепке дейінгі ұйымдар тапшы.