Сенат • 03 Қараша, 2023
Өзекті мәселелерді қамтыған сауалдар
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысы Қарағанды облысындағы төтенше оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілерді бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Отырыс барысында сенаторлар Қазақстан мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы келісімді ратификациялады, депутаттық сауалдарын жолдады.
Инфографика • 03 Қараша, 2023
Өткен он жыл ішінде халқымыздың саны едәуір артып, ұлттық құрамға қатысты көрсеткіштердің айтарлықтай жақсарғаны туралы ресми хабардың таралуы жұртшылықты қуанышқа бөледі. Ендігі жерде елімізде қазақ халқының мемлекет құрушы ұлт ретіндегі рөлін одан әрі бекемдей түсу қажет. Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша тақырыптық жинақты жариялады.
Аймақтар • 03 Қараша, 2023
Жамбыл облысы: Сұраныс арта түсті
Жамбыл облысында сұйытылған газға деген сұраныс едәуір артқан. Жауапты мамандардың айтуынша, өңірде газ қондырғысымен жабдықталған көліктің саны да артқан. Мәселен, 2021 жылы сол санатқа кіретін көлік саны 13639 болса, биыл 23888-ге жеткен.
Аймақтар • 03 Қараша, 2023
Елу жылдан бері су мәселесімен күресіп келе жатқан Сарыөзектің жайы қыс бастала қалыңдай түседі. Жыл басында су құбырлары жарылып, елдің әбігерге түскені әлі есте. Халық ішінде биыл сол ахуал қайталана ма деген қауіп бар. Орталықтандырылған су жүйесі бар үлкен ауыл аудан орталығы болғанымен, инфрақұрылымы жөнге қойылмаған. Әкімдіктің алысып келе жатқанына ондаған жыл болса да, ауыз су мәселесі ырық берер емес.
Мектеп • 03 Қараша, 2023
Мектептегі орын тапшылығы елімізде өзекті мәселеге айналған. Үш ауысымда лық толып тұратын мектептер мен апатты жағдайда болса да, жұмыс істеп тұрған білім ордалары бар. Жағдайы жоқ мектепте жақсы білім бола қоюы екіталай. Оқушының сапалы, заманға сай білім алуына, әлбетте, заманауи жабдықтар қажет. Дегенмен бұл мәселелер жақын арада шешіледі деген үміт бар. Бұған себеп – тікелей Президенттің тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы.