Мәселе • 05 Қараша, 2023
Болашақ АЭС мамандарын даярлайды
Жақында Ядролық физика институты әлемдегі ең ірі зерттеу және білім бірлестіктерінің бірі – Германияның алдыңғы қатарлы оқу орны Карлсруэ технологиялық институтымен ынтымақтастыққа қол қойды. Отандық институттың директоры Саябек Сахиев пен шетелдік институттың халықаралық істер және инновациялар бойынша вице-президенті Томас Хирт қол қойған құжат термоядролық технологиялар саласындағы зерттеулер мен инновацияларға, әлемдік деңгейдегі жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Меморандум аясында ғылыми-техникалық ақпарат алмасу, бірлескен зерттеулер жасау және халықаралық рейтингті журналдарға бірлесіп мақала жазу да көзделіп отыр.
Қоғам • 05 Қараша, 2023
Бүгінгі таңда қызметкерлердің көпшілігі жұмыс істеу үшін ChatGPT сияқты нейро желілерге негізделген тілдік модельдерді пайдаланатыны белгілі. Мысал ретінде көршілес Ресейде «Касперский зертханасы» жүргізген сауалнамаға сәйкес респонденттердің 11%-ы чат-боттарды қолданатынын мәлімдеген. Осының салдарынан олардың 30%-ы алдағы уақытта адамдардың едәуір бөлігі жұмыссыз қалуы мүмкін деп қауіптенеді екен.
Жоба • 05 Қараша, 2023
Отандық он екі стартап Кремний алқабындағы акселерациясын бастады
«Astana Hub» пен «Draper University» Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып, өнімді инновацияларды ынталандыру жобасын қолға алған еді. Осы жоба шеңберінде халықаралық нарықта өз бизнесін кеңейтуге ұмтылатын кәсіпкерлер мен стартаптарға әзірленген «hero Training» акселерациялық бағдарламасының екінші кезеңі іске қосылды.
Технология • 05 Қараша, 2023
«IT-Aiel»-дің алғашқы түлектері
«Astana Hub» технопаркі Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен, сондай-ақ «EPAM» және «Techno Woman» компанияларымен бірлесіп «IT-Aiel» оқу бағдарламасын табысты жүзеге асырып жатқаны мәлім. Бағдарламаның мақсаты – еліміздің 17 өңірінен 2 мыңнан астам жұмыссыз әйелді ақпараттық технология мамандықтарына оқыту. Бұл олардың алғашқы жобаларын жасауға мүмкіндік берді. Оқу бітірген 50 әйелге сертификат табысталды.
Футбол • 05 Қараша, 2023
4 қараша күні елордада футболдан Қазақстан кубогының иегері анықталды. «Астана арена» стадионында өткен финалдық ойында Шымкенттің «Ордабасы» және Қостанайдың «Тобыл» командалары шеберлік байқасты.