Тұлға • 25 Қазан, 2023
Жылда Республика күні жақындаған сайын Егемендік декларациясын қабылдайтын сәтте білімі мен білігін, жанкештілігі мен қайсарлығын танытқан тұлғалар еске түседі. Салық Зиманов, Сұлтан Сартаев, Шерхан Мұртаза, Манаш Қозыбаев, Жабайхан Әбділдин, Әбіш Кекілбаев бастаған елдіктің еңсесін биіктеткен алыптар қатарына Александр Княгининді де қосуға болар еді.
Инфографика • 25 Қазан, 2023
Экономиканы еңселендірген инвестиция
Инвестициялық саясат – экономика мен өндірістің қалыптасуы мен дамуының қайнар көзі, қуатты құралы. Оған басымдық беру – кез келген мемлекеттің ел басқарудағы басты, берік ұстанымдарының бірі. Мемлекет басшысы кезекті Жолдауында: «Шетелден тікелей инвестиция тарту жұмыстарын барынша жандандыру қажет. Онсыз алдағы уақытта экономикалық өсім резерві шектеулі болады. Бұл – атқарушы билік басымдық беруге тиіс міндеттердің бірі», деп атап көрсетті.
Экономика • 25 Қазан, 2023
8 миллиардтан 85 миллиардқа дейін
Кеңес одағының шаңырағы гүрс етіп қақ ортаға түскен бетте-ақ күллі экономикамыздың жон арқасынан басып қалды. Дербес экономика құру, валюта шығару, өнім өндіру, тауар сатып алу, тауар сату, әлеуметтік ахуалды түзеу дейтін түйткілдер тізбектеліп, бірінің артынан бірі шыға берді. Қаптаған шаруаның қайсысынан бастарыңды білмей, қарадай шаршайтын кез. Осы құрылымда экспорттың орны ерек еді. Ел болған соң өз қазаныңда қайнай бермей, сыртқа өнім саудалап, табыс тапқаның жөн. Тәуелсіздіктің алғашқы жылы деуге болатын (өйткені егемендікті 1991 жылдың соңында жарияладық емес пе) 1992 жылы небәрі 1,4 млрд доллардың тауарын экспорттадық. Арада он жыл өткенде – 2001 жылы бұл көрсеткіш 8,6 млрд доллар болды.
Экономика • 25 Қазан, 2023
Ел ішіндегі аймақаралық коммуникацияны қамтамасыз ету мақсатында және экспорттық әлеуетін арттыру үшін тәуелсіздік жылдары төрт тарапқа тартылған түрлі бағыттағы жолдар ашылды. Мыңдаған шақырымға созылған автомагистралдар салынды. Қазақстаннан қанат қаққан күміс ұшақтар күймесі шартарапқа тарам-тарам әуе жолдарын ашты. Танапты жарып тыңнан 3 мың шақырымға жуық теміржол желілері тартылды. Су жолдары да жаңғырды. Әсіресе соңғы жылдары құлашын кеңге сермеген Ақтау теңіз сауда порты туралы әңгіме тіпті бөлек. Жалпы, бүгінде Қазақстан аумағы арқылы 11 халықаралық транзиттік дәліз – 5 теміржол, 6 автомобиль дәлізі өтеді.
Инфографика • 25 Қазан, 2023
Ел егемендігін алған соң, отандық ғылым дамуының жаңа кезеңі басталды. Одақтан қалған 100-ден аса ғылыми-техникалық ұйым енді ғана еңсе тіктеген елдің меншігіне өткендіктен, ғылым саласын мемлекеттік деңгейде қолдаудың маңызы күн тәртібінде тұрды. Жоғарғы кеңестің 1992 жылы 15 қаңтардағы Қаулысымен «Қазақстан Республикасының ғылым және ғылыми-техника саясаты туралы» заңы қабылданды. Бұл тәуелсіздік тарихындағы төл ғылымға мемлекет тарапынан жасалған құқықтық, қаржылық, жалпы кешенді қолдаудың басы ғана болатын.