Президент • 24 Қазан, 2023
Еңбегі елеулі азаматтар мемлекеттік марапатқа ие болды
Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Денсаулық • 24 Қазан, 2023
Орталық қоммуникациялар алаңында онкологиялық ауруларға қарсы ем-шаралардың жұмысын жетілдіру жөнінде баспасөз жиыны өтті. Дөңгелек үстелге Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы Диляра Қайдарова, Көпсалалы медицина орталығының директоры Мұхтар Төлеутаев, Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің басшысы Әсел Қыдыралиева қатысты.
Қоғам • 24 Қазан, 2023
Ішкі істер органдарының тарихында өздерінің борышын адал атқарып, өмірін қиған азаматтар аз емес. Солардың бірі – қырық жыл бұрын қызмет барысында қаза тапқан милиция лейтенанты Қалқаман Сембаев.
Ұлттық спорт • 24 Қазан, 2023
Сонау 80-жылдардың соңында қатары селдіреген құсбегілердің басын біріктіріп, ата дәстүрімізді қайта жаңғыртып, өскелең ұрпақтың санасына сіңіруді мақсат еткен «Жалайыр Шора» атындағы бүркітшілер мектебінің негізі қаланған.
Технология • 24 Қазан, 2023
ІТ білімдегі GPT технологиялары
«Яндекс Қазақстан» IT білім беру нарығына GPT технологияларын енгізді. Халыққа IT саласындағы жаңа мамандықты игеруге көмектесетін «Яндекс Практикум» онлайн білім беру қызметі студенттерге арналған генеративті кеңестерді іске қосты. Бұл туралы «Digital Bridge 2023» форумының «Жеделдетілген оқыту: білім берудегі GPT сын-қатерлері мен мүмкіндіктері» панельдік сессиясында Илья Курмышев хабарлады. «Яндекс практикум» студенттеріне арналған генеративті кеңестер – еліміздегі IT білім беру саласындағы алғашқы GPT кейсі.