Қазақстан • 24 Қазан, 2023
Еліміздің Жоғарғы Кеңесі іргесі шайқалып, күйреудің алдында тұрған кеңес одағы құрамындағы республикалардың «егемендік шеруіне» ілесіп, 1990 жылы 25 қазанда «Қазақ ССР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы» декларацияны қабылдағанда халқымыздың кеудесінде ұлттық намысы өшпеген саналы азаматтарының бөркін аспанға атып қуанбағаны жоқ шығар.
Экономика • 24 Қазан, 2023
Контейнерлік тасымал табысты ма?
Астанада «Көлік және логистика нарығы» атты V халықаралық конференция аясында «Озық технологиялар және контейнерлік тасымалдау трендтері» тақырыбында сессия өтті. Оған отандық және бірқатар елдің мамандары мен ғалымдары, сондай-ақ салаға қатысты сала басшылары қатысты.
Сараптама • 24 Қазан, 2023
Жаһан экономикасының тұрақсыздығына не себеп?
Дүниежүзілік банктің жақында жариялаған баяндамасына қарасақ, 2023 жылы әлемдік экономика өсімі (2022 жылғы 3,1 пайыздан) 2,1 пайызға баяулайды. Банк сарапшыларының болжамынша дамушы елдердегі пайыздық мөлшерлеменің көтерілуі экономикалық өсімнің баяулауына себеп болмақ.
Қазақстан • 24 Қазан, 2023
Жерасты су көздерін игеру маңызды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында еліміз үшін ең өзекті мәселелердің бірі – су ресурсына айрықша тоқталды. Халық саны мен экономика өскен сайын оның тапшылығы да ұлғая түсетініне баса мән берді. «Қазақстандағы су тапшылығы 2040 жылдарға қарай 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін. Жалпы, біз – трансшекаралық су көздеріне тәуелді елміз» деп атап көрсетті Президент. Сондай-ақ ішкі су ресурстарын ысырапсыз пайдалану, оны үнемдейтін озық технологияны енгізу мәселелерін алға қойды. Осы орайда су көздері тапшы Жезқазған өңірінде де түйткілді мәселеге барынша мән беріліп, алаңдатарлық ахуалдың алдын алу қажеттігі күн тәртібіне қайта шықты.
Пікір • 23 Қазан, 2023
Әділетті Қазақстан тұжырымдамасының алғышарттары – әділетті қоғам құру, ел азаматтарына теңдей құқық беру, зайырлылық қағидаттарына сүйене отырып, халықтың тең дәрежеде өмір сүру формасы деген сөз. Жер байлығын халыққа теңдей үлестіру, азаматтық қоғам құрып, бақытты, әділетті ұрпақ өсіру, міне, жұрт қалайтын қоғам қағидаты осындай.