Пікір • 25 Қазан, 2023
25 қазан – ата-баба арманы орындалған күн. Бұл күн болашақ ұрпақтың өркендеуін қамтамасыз ете отырып, дербес әрі тәуелсіз даму жолын таңдаған бетбұрыс ретінде тарихта мәңгілікке қалады.
Сұхбат • 25 Қазан, 2023
Намыс пен жауапкершіліктің сын сағаты
Осыдан отыз үш жыл бұрын Алаш жұрты арман еткен алғашқы құжатымыз жарияланды. Азаттықты аңсап күткен халықтың ертеңге деген сенімі батылдыққа бастады. Осылайша, ел ағалары бастап, жұрт қолдап, егемендіктің ең басты құжатын қабылдадық. Елдің ертеңге деген сенімі ұлғайды. Бүкілхалықтық серпіліс қазақтың бойына қан жүгіртті. Асу бермес биіктерге қол соза бастадық. Етек-жеңімізді жинап, алыс-жақын елдермен тереземіз теңесті. Соның барлығы декларациядан бастау алды. Сан алуан тосқауыл, түрлі кедергіден сүрінбей өткен құжаттың жігерлендіруші күші де осы еді. Елең-алаң шақта ерлік іске бастап, азаттықтың ақ таңына қол жеткізгенімізді айшықтап берген құжаттың маңызы мен тәуелсіз мемлекетке тән өзгеріс туралы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Әділ АХМЕТТІҢ айтарына құлақ түрдік.
Республика күні • 25 Қазан, 2023
Республика күні – еліміздің барлық азаматтары үшін айрықша тағылымды мереке. Бұл күнді атап өту қоғамды ұлттық құндылықтар мен мемлекеттік маңызды мәселелер төңірегінде топтастыруға, ел тұрғындарының Әділетті Қазақстан құру идеясына азаматтық қатысу сезімін нығайтуға ықпал етеді.
Фотогалерея • 25 Қазан, 2023
Пікір • 25 Қазан, 2023
Бүгінде азаттығын бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған дербес мемлекетпіз. Оның тарихи маңызының қандай екендігін танытатын бірден-бір жол – Республика күні. Бұл мерекеге жалпыхалықтық сипат берілуі де бекер емес.