Жұмыс • 30 Қазан, 2023
Жұмыспен қамту қашанда маңызды. Дана халқымыз «қолы қимылдағанның аузы қимылдайды» деп бекер айтпаған. Биыл өңірде 31 мың жаңа жұмыс орнын ашу көзделсе, оның 25 мыңы – тұрақты жұмыс орны.
Медицина • 30 Қазан, 2023
«Аңсаған сәби» бағдарламасы 6 мың шаңырақты шаттыққа бөледі
Адамзат сабақтастығының алтын арқауын жалғап ұрпақ өрбіту – әрбір ата-ананың асыл арманы. Өкініштісі, осы аңсаған арманына қол жеткізе алмай шерменде болған шаңырақ аз емес. Ал ондай қамкөңіл отбасылардың қатарын сейілтіп, шемен болып қатқан шердің түйінін сүйіншімен тарқатуға септігін тигізген шарапаты мол шара – «Аңсаған сәби» әлеуметтік бағдарламасы.
Руханият • 30 Қазан, 2023
Бала табиғатын танып, бүлдіршіндердің жүрек лүпілін дөп басатын бірден-бір басылым болса ол, шүбәсіз – қазақ балалар әдебиетінің атасы атанған көрнекті қаламгер Мұзафар Әлімбаев негізін қалаған «Балдырған» журналы. Мұзағаңның есімімен егіз аталатын журналдың жарық көргеніне биыл 65 жыл толса, басылымды 30 жылға жуық басқарып, руханият көгіне алып шыққан Мұзафар Әлімбаевтың ғасыр тойы. Осыған орай, Алматыдағы ұлттық кітапханада «Мұзафар Әлімбаев және «Балдырған» журналы» атты ғылыми конференция өтіп, мазмұнды шара ән мен жыр асқақтаған рухани кешке ұласты.
Тұлға • 29 Қазан, 2023
Кешегі кеңестік кезеңде қаншама тұлғаларымыз аудан, облыс, республика, одақ көлемінде маңызды әрі жауапты қызметтер атқара жүріп, ел игілігі үшін аянбай еңбек етті. Олардың атқарған еңбегін жұрты ұмытпақ емес. Сондай тұлғаларымыздың бірі – Арал аудандық партия комитетінің үшінші, екінші, бірінші хатшысы, Қызылорда облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарған Тәкей Есетұлы Есетов.
Жануарлар • 29 Қазан, 2023
Өскен жерге сыймай кетіп барады...
Кейінгі аптада әлеуметтік желілерде еліміздің аумағында киіктердің бей-берекет ауланып жатқаны туралы алыпқашпа әңгімелер үдеп кетті. Жарияланымдардың бірінде киіктердің ішек-қарыны, басқа да қалдықтары қалай болса солай шашылып жатқаны көрсетілсе, тағы бір видеода 40-50 киікті көлікке тиеп алған азаматтарды полицияның тоқтатқаны байқалады. Әрине, киік санын азайту шаруалар мүддесін көздеген мәжбүрлі шара екенін көпшілік түсініп отыр. Алайда көлденең әңгіме көбеймес үшін жабайы жануарды аулау үдерісі ашық жүргізілуі қажет. Бүгінге дейін қанша киік ауланды? Оның еті кәдеге қалай жаратылады? Мүйізі қайда өткізіліп жатыр? Одан қанша қаражат түседі? Киіктің браконьер олжасына айналмайтынына қандай кепілдік бар? Өкінішке қарай, бұл сұрақтарға Экология және табиғи ресурстар, Ауыл шаруашылығы министрліктері, құқық қорғау органдары тарапынан мардымды ақпарат болмай тұр. Киік мемлекеттің байлығы саналатындықтан, бұл мәселеге қатысты іс-шаралар айқын да ашық жүргізілуге тиіс. Сонда көпшіліктің көңілінде де күмән болмас еді. Яғни Үкімет киікті аулаудан бастап, іске жаратуға дейінгі тетікті халыққа көрсетіп, бұл істің осы талапқа сай жүргізілуін қатаң сақтауға тиіс.