Сұхбат • 31 Қазан, 2023
Марат Қарабаев: Қазақстан тиімді географиялық позицияға ие
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында «Стратегиялық маңызы бар міндеттің бірі – көлік-логистика саласының әлеуетін толық пайдалану» деп атап көрсетті. Сарапшылардың пайымдауынша, бүгінде жер бетінде жаңа экономикалық кеңістік қалыптасып жатыр. Бұл елдер арасындағы логистикалық байланысты нығайтып, тауар тасымалының көлемін еселейді. Экономиканы күшейтеді. Бәсекені арттырады. Тоғыз жолдың торабындағы Қазақстан үшін мұның қандай әсері болмақ? Мұндай зор әлеуетті пайдалану қолымыздан келе ме? Осы тектес сауалдарды Көлік министрі Марат Қарабаевқа қойып көрген едік.
Қоғам • 31 Қазан, 2023
Кеншілер зейнетке ерте шығуға тиіс
Елімізде кеншілер мен металлургтердің, мұнайшылар мен уран өнеркәсібіндегі мыңдаған ауыр еңбекті кәсіп ететін жұмысшылардың зейнет жасын төмендету мәселесі көптен айтылып келеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бұл түйткіл жыл соңына дейін шешіліп қалатындай.
Саясат • 31 Қазан, 2023
Қарашаның алғашқы аптасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар маңызды кездесу өткізбек. Астанаға Франция Президенті Эмманюэль Макрон ресми сапармен келеді. Сондай-ақ Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан да Сарыарқа төріне ат басын бұрмақ. Айта кетерлігі, Э.Макрон тұңғыш рет қазақ даласына қадам басайын деп отыр. Осы орайда, Қазақстан мен Франция арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа аз-кем тоқталуды жөн көріп отырмыз.
Көрме • 31 Қазан, 2023
«Қазақстанның үздік тауары» деп аталатын көрмеден бәрін табуға болады. Өңкей отандық бірегей өнім. Бірі – ұлттық нақышпен бәдізделген ыдыс-аяқ, бірі – доңғалағынан басқасы өзімізде өндірілген ауылшаруашылық техникалары, енді бірі – ішкі нарықты місе тұтпай, жаһан сұранысын қанағаттандырып отырған кәбілдік құбырлар. Бұлардан басқа өңірде кеңінен танымал болған қаншама өнім енді республикалық көрменің ажарын ашып тұр.
Театр • 31 Қазан, 2023
Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында тағы бір туындының тұсауы кесілді. Ол – ұлттық классикамыздың қастерлісі «Қыз Жібек»!