Тұлға • 30 Қазан, 2023
Дәрілбақиға аттанбайтын адам бар ма? Бәріміздің ертелі-кеш баратын жеріміз. Адамның өмірі абайсызда құлатып алған құманның суы сияқты. Көзді ашып-жұмғандай. Алды-артыңа қаратпай өте шығады. Дей тұра, өлімге қимайтын жандар болады. Сондай кісілер ұзақ өмір сүрсе екен деп Құдайдан тілеп-ақ жүресің. Шынында да, айналасындағы адамдарға пайдасы молынан тиіп жүретін тұлғаның ұзағырақ өмір сүргені – елге олжа. Қазақтың маңдайына біткен сындарлы сатирик Көпен Әмірбек дәл сондай жан еді.
Абай • 30 Қазан, 2023
Алматыға жолы түскен адамды алдымен шыңы аппақ қар жамылған Алатау мен соның етегіндегі көкжелекке көмілген қаладағы хакім атамыздың есімін иеленген даңғылда орнатылған Абай ескерткіші қарсы алады. Ақын ескерткіші қоладан құйылып, тұғыры қызыл граниттен қаланған, биіктігі – 13, 7 м. Оны ұлттық мүсін өнерінің негізін салушы, Қазақстанның халық суретшісі Хакімжан Наурызбаев жасаған. Мүсінші өз туындысында ақынның өмір белесінен өтіп, ел ағасына айналған салиқалы кезін айшықты бедерлеген. Ескерткіште басында тақия, иығына өңірі ашық желбегей шапан жамылған Абай атамыз сол қолына кітабын қысып ұстаған күйі терең ой үстінде ілгері басып келеді. Тас бейне демесеңіз, құдды ақынның өзін көргендей әсер аласыз.
Туризм • 30 Қазан, 2023
Тамшыбұлақты тартымды ете аламыз ба?
Қазір «Жетісуда туризмді қалай дамытсақ?» деген сауал кесе-көлденең тұр. Әрине, шырайлы өлкенің қасиетті жерлерінің қараусыз қалғаны көңілге көлеңке ұялатады. Оны әзірге ескеріп жатқан жауапты орын жоқ. Ал сол маңайда тұратын ауыл тұрғындары қадіріне бойлайын десе, қолы қысқа. Қараңыз, Жетісуда 32 туристік нысан бар. Бірақ соның жартысынан көбі босқа тұр.
Медицина • 30 Қазан, 2023
Алматылық дәрігерлер жағдайы өте ауыр науқасты аяққа тұрғызды
Таяу күндері Алматыдағы №7 Қалалық клиникалық ауруханаға осыдан 10 жылдай уақыт бұрын жамбас буыны алмастырылған пациент өте ауыр жағдайда жеткізілген болатын. Жарақаттың салдарынан цементсіз әдіспен бекітілген протез науқастың жамбас қуысына кіріп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 30 Қазан, 2023
Қазақстан-Қытай: Экономикалық байланыс негіздері
Өткен жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толды. Осы қысқа мерзім ішінде екі ел берік мемлекетаралық байланыстар орнатты. Қазір әлем алпауыт ел Қытайдың басқан ізін аңдып отыр. Сарапшылар түрлі болжам жасап, ғалымдар оның ірілі-ұсақты елдермен, әсіресе айналасындағы мемлекеттермен қарым-қатынасын жіті зерттеп келеді. Қазақстан мен Қытай арасындағы байланысты тіпті АҚШ сарапшылары зерделеп, ғылыми мақалалар да жазып тастады. Оның бер жағындағы Ұлыбританияның кішкентай ғана Ланкастер қаласында Қытай зерттеу орталығы бар. Бұл орталықта да Қытайдың Орта Азия елдерімен байланысын зерттеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Алдыңғы қатарда Қазақстан тұр. Осы зерттеушілердің еңбектерін сараптап отырсақ, көбінің пікірі қазақ-қытай арасында дипломатиялық арақатынастың символикасы басым дегенге саяды.