Технология • 26 Қазан, 2023
Тазартылған селен – технология табысы
Отандық ғалымдар Балқаш мыс қорыту зауытында тазартылған селен алу техникасын іске қосты.
Зерде • 26 Қазан, 2023
«Адам жан сұлулығынан айырылғанда, бәрінен айырылады», дейді ағылшын (Ирландия) жазушысы Оскар Уайльд «Дориан Грей портреті» романында. Жан сұлулығы мен өлермен өктемдік – екеуі бір-біріне кереғар, үйлеспейтін өлшемдер. Жан байлығында салиқалы да көрегендік бекзаттылық бар, ал екіншісі – құлдық жартыкеш психологиядан туындайтын болуы керек. Жаны ізгіден нұр тарайды, оның жанындағылар қанаттанып, биікке самғайды. Ал ақын жанының қайнар бұлағынан атқылап шыққан сәулелі жырдан ел нәрленіп, еңселенеді.
Басылым • 26 Қазан, 2023
Кешегі кеңес заманынан бастап, тәуелсіздікке қол жеткізген отыз жылдан астам уақыттан бері еліміз бойынша түрлі сала басшылығына кімдер келіп, кімдер кетпеген? Өкінішке қарай, солардың көбінің есімі қызметтен кеткен күннің ертеңінде ұмытылып қалып жатады. Рас, аз да болса артында ізі қалған басшылар да жоқ емес. Республикамыздың Ішкі істер министрлігінің тізгінін екі мәрте қолына алған Шырақбек Қабылбаев солардың бірі ғана емес, бірегейі болатын. Биыл туғанына 115 жыл толып, ал өмірден өткеніне жарты ғасырға жуық уақыт өтсе де оның есімі ұмытылмай келе жатқаны соған айқын айғақ болса керек. Кейінгі жылдары данқты генерал, реформатор министр есімі бір кезде өзі ашқан Қостанайдағы полиция академиясына, Алматы мен Семей қалаларындағы көшелерге беріліп отырғаны осы сөзімізді бекіте түсе ме дейміз.
Сұхбат • 26 Қазан, 2023
Дидар Амантай: Қоғамның барометрі – сенім
Ел болашағын биіктетудің ең кемел жолы – ұлттық санасы мығым, ақыл-ойы әлемдік классикалық інжу-маржандармен бекіген ойлы ұрпақ қалыптастыру. Дидар Амантай есімі Тәуелсіздік жылдарынан бергі оқырман қауымға етене таныс. Жазушы үнемі ізденісте, әрдайым жаңа белес өрінде. Оқырманға ауық-ауық жанартау секілді дүр сілкінісі сезіліп тұрады. Республика күні қарсаңында «Құрмет» орденімен марапатталған жазушымен әңгімелесудің сәті түскен еді.
Республика күні • 25 Қазан, 2023
Сарғайған газет шежіресі: «Ерекше маңызды құжат»
Еліміздің азаттығы туралы әңгімелер айтылып жатқан кезеңде «Социалистік Қазақстан» газетінде тәуелсіздік декларациясына қатысты мақалалар жарияланды. Сол кезде депутаттардан ғана емес, жалпы жұрттан түскен пікірлер мен ескертулерді Декларация жобасына енгізу жөніндегі арнайы құрылған комиссия бір аптадан астам уақыт жұмыс істеген, аталған комиссияның төрағасы болған депутат Салық Зимановтың «Ерекше маңызды құжат» мақаласы «Социалистік Қазақстанның» 1990 жылғы 28 қазандағы нөмірінде жарық көрді, көлемділеу мақаланы ықшамдап ұсындық.