Медицина • 09 Қазан, 2023
Шымкенттегі диагностикалық орталық адам ағзасындағы бүкіл ауруды анықтап беретін ең озық, заманауи медициналық мекеме саналады. Бұл орталықтың жұмыс істеп, халыққа қалтқысыз қызмет көрсетіп келе жатқанына қаншама жыл болды. Бойдағы дертті табу өте қиын жағдайға соқтырған кезде немесе кешенді тексеруді қажет еткен жағдайда науқастар дәрігерлердің жолдауымен осы орталыққа келіп ағзадағы кінәраттарды анықтап кетіп жатады.
Футбол • 09 Қазан, 2023
Еурокубок ойындарының топтық кезеңіне қатысып жатқан елорданың «Астанасы» қатарынан екінші ойында жанкүйерлерін қуанта алмады. Конференция лигасының екінші туры аясында өз алаңында Чехияның «Виктория» командасын қабылдаған жерлестеріміз қарсыластарына 1:2 есебімен жол берді.
Сайлау • 09 Қазан, 2023
249 азамат әкім болудан үмітті
Орталық сайлау комиссиясы саяси науқанға дайындық жұмыстарының қорытындысын шығарды. Бүгінде республика бойынша барлығы 249 үміткер тіркелген. Оның 64 пайызы – өзін-өзі ұсынушылар. Бұл жөнінде Орталық сайлау комиссиясының отырысында белгілі болды.
Пікір • 08 Қазан, 2023
Бүгінгідей заманда бабалар жолын рухани құндылықтың алтын арқауынан шығарып алмай, халықтық қалыбымызды сақтап, еліктемей, солықтамай ақылды оздырып, әлемдік үрдіспен ұштастырсақ, ұтылмасымыз хақ. Ұлттық идея да осыдан қанат қақса, кәне!
Тұлға • 08 Қазан, 2023
Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, Социалистік Еңбек Ері, данагөй тұлға, әйгілі атбегі Бошай Кітапбаевтың туғанына биыл 100 жыл толып отыр. Бошекең – көзінің тірісінде аңызға айналған адам. Әсіресе бұл тұлғаның атбегілік өнері хақында өткен ғасырдың 70-жылдары үлкен қаламгер Ғабит Мүсірепов очерк жазса, ақындар Ғафу Қайырбеков, Кәкімбек Салықов, Фариза Оңғарсынова жыр арнапты.