Үкімет • 10 Қазан, 2023
Мәжілісте Үкімет сағаты өтіп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің өзекті мәселелері мен даму болашағы талқыланды. Аталған мәселе бойынша Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният баяндама жасады. Жиын алдында Мәжіліс аумағында медициналық көліктердің, үздік медициналық тәжірибе орталықтары жұмысының көрмесі ұсынылды.
Сұхбат • 10 Қазан, 2023
Оралбай Әбдікәрімұлы: Ұлттың тарихи күні
Азаттыққа жол ашқан Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылдануы – ұлт тарихындағы ұмытылмас мезеттердің бірі. Сол кезеңде саясат сахнасында болған сан-қилы оқиғалар мен айтыс-тартыстардың куәгерлері арамызда жүр. Соның бірі – 1990 жылы Орталық партия комитетінде ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімін басқарған мемлекеттік қызмет ардагері, белгілі қайраткер Оралбай Әбдікәрімұлы газетімізге арнайы сұхбат беріп, ел өміріндегі елең-алаң шақ туралы естелігін айтты.
Дін • 10 Қазан, 2023
Исламның мызғымас бес шарты һәм мұсылман адамның бес парызы – Кәлима-и шәһадат айту, яғни Алладан басқа тәңір жоқ екендігіне және Хазірет Мұхаммед Алланың құлы әрі елшісі екендігіне куәлік ету, күн сайын бес уақыт намаз оқу, жыл сайын ораза ұстау, зекет беру және жағдайы барлардың қажылық жасауы болып саналады. Ал тарихқа үңілсек, басқа мәселелер бойынша дінімізде қатып қалған қағида жоқтығына көз жеткізетін мысал аз емес.
Отбасы • 10 Қазан, 2023
Отбасын ойрандағандарға жаза қатал ма?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы халыққа Жолдауында тұрмыстық зорлық-зомбылық жасайтын адамдар үшін жазаны күшейтетін кез келгенін айтты. «Отбасында ойран салатындар жазаға тартылмаса, олар одан бетер басынып кетеді. Ал жапа шеккендер мүлдем қорғаусыз қалады» деген ол полицияға мұқият жұмыс жүргізіп, тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Президент алға қойған міндеттемелер қалай орындалып жатыр? Жанжалқойларға арналған жаза қатайды ма?
Қоғам • 10 Қазан, 2023
Тұрғындардың газды пайдалану кезінде қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтамауының соңы ауыр қайғымен аяқталып жатыр. Апат салдарынан кейінгі уақытта төтенше жағдайлар жиілеп кеткен. Адам шығыны бар, зардап шегушілер саны да артқан.