Спорт • 09 Қазан, 2023
Қазақтың абыройын асқақтатқандар
Төрткүл дүниеге тарыдай шашылған қазақтың өр ұрпағы бүгінде атажұртта ғана емес, әлемдік спорт ареналарында да жиі-жиі атойлай бастады. Әсіресе бокс әлемінде Бөлтекұлының ізін басқан даңқты ұлдар жетіп артылады. Ташкентте өткен әлем чемпионатында осыны байқағанбыз.
Сұхбат • 09 Қазан, 2023
Бесқала өңіріндегі қазақ жұрты сандаған ғасыр бойы түркітілдес ағайындармен аралас-құралас өмір сүріп жатыр. Атажұрттан жырақта жүрсе де мәдениеті мен дәстүрін, ана тілінің қадір-қасиетін ұрпағының бойына сіңіріп, ұлттық болмысын сақтап отыр. Бұған өз кезегінде сол елдегі қоғамдық ұйым да өз үлесін қосып келеді. Қарақалпақстандағы қазақ ұлттық-мәдени орталығының төрағасы Асқар ҮМБЕТАЕВПЕН әңгіме барысында осыған көз жеткіздік.
Мирас • 09 Қазан, 2023
Домбыра – қазақ халқының өмірі мен тұрмысына ежелден етене сіңген, ойын-тойы мен салтанатының және қайғы-мүңының куәсі, өнерпаз адамның жансерігі болған қасиетті де киелі музыкалық аспабы екені көпке белгілі. «Домбыра харам» деген дүниелер қазақтын қасиетті музыкалық аспабының арғы-бергі тарихынан бейхабарлығын көрсетеді. Керек десеңіз, домбыраны музыкалық арнайы оқу орындарында оқытудың өзіндік қалыптасқан толыққанды әдістемесі бар, бұл салада алдыңғы буын ағалар көп тер төкті. Олардан кейін бұл бағыттағы әдіс-тәжірибелерді ғылыми жаңалықтарымен байытқан ғалымдар легі музыкалық педагогика мен методиканы және ұлттық танымды қатар дамытты, сонымен бірге домбыра репертуарының кеңеюіне де өзіндік еңбектерін сіңіре алды.
Алматы • 09 Қазан, 2023
Қазан айының алғашқы аптасында Алматы қаласындағы Бухтарминская көшесі мен Құлжа трактісі қилысындағы 4 жолақты, тоннелді жолайрық толық ашылды.
Сайлау • 09 Қазан, 2023
Әкім сайлауы: Халық таңдауы сыналады
Келесі айда еліміздің бірқатар өңірінде облыстық маңызы бар қалалар мен аудан әкімдерін сайлау өтеді. Қазіргі таңда аймақтардағы саяси бәсеке нағыз қызған шағына келді. Үміткерлер тіркеліп, енді үгіт-насихат жұмысына бел шешіп кіріспек.