Руханият • 10 Қазан, 2023
Қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби мұрағаттанушы Амантай Сатаев ұлт тарихын зерделей жүріп, бабалар ізін, халқының қасиет-қалыбын әдеби мұраларына да арқау етті. Бір басына сан түрлі санаткерлік тоғысқан тағылымды тұлға көзі тірі болса тоқсан жасқа толар еді. Көрнекті ғалым Тұрсынбек Кәкішев: «Архивтерде кездесе бермейтін маңызды мағлұматтар Амантайдан табылады», деп ағынан жарылған халқының аяулы перзенті жарына қалдырған бір өсиетінде: «Сен түңілме! Заман өзгереді, әлі-ақ зердесі ояу жастар келеді. Шаңын қағып алып барсаң менің жазғандарымның бәрі – қазақ халқын бір сатыға көтеретін дүниелер», деп толғаныпты. Амантай ағаның рухы сіңген киелі шаңыраққа ат басын бұрып, жары Гүлжан САТАЕВАМЕН әңгімелесіп қайттық.
Жануарлар • 10 Қазан, 2023
Қырық құлан «Алтын даланы» жайлайды
«Egemen Qazaqstan» газетінің 29-санында «Нағыз құлан үйірі әкелінеді» деген шағын мақаланы оқып, көзден қойғанда көңілден де түр-тұрпаты бұл-бұл ұшқан нағыз құланның суретін көргенде «кемпірім ұл тапқандай» қуанғаным рас.
Спорт • 10 Қазан, 2023
Ұлтымызда «еңбегі сіңген» деген теңеу бар. Бұл сөз бір саланың дамуына тер төгіп, еңбегімен мойындалған білікті де білімді, белсенді де беделді тұлғаға қарата айтылса керек-ті. Осы өлшемге ұлттық спорттың жанашыры Ғалым Құлекешев сай келеді.
Тарих • 10 Қазан, 2023
...Бұл сурет осыдан 32 жыл бұрын – 1991 жылдың 10 қазанында түсірілген еді. Құрамында қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров, Анатолий Арцебарский және аустриялық Франц Фибек бар «Мир» кешенінің құлдилау аппараты Алматы уақытымен 09 сағат 12 минутта қасиетті жерге жайлы қонды.
Қазақстан • 10 Қазан, 2023
Еуразияның транзит хабына айналу жолы
Қазақстанның көлік апталығы аясында елордадағы «Hilton Astana» қонақүйінде «Жаңа Жібек жолы» VI халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форумы жұмысын бастады. Бизнес-форумда сарапшылар көлік жүйелерінің ынтымақтастығы мен интеграциясы, Орта дәліз бағытын дамыту, сондай-ақ мультимодальды көлік саласындағы жаңа технологиялар һәм инновациялар, жүк тасымалдау тиімділігін арттыру және жеткізуді жақсарту мәселелерін талқылады. Бұл мәселелердің дені Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында жан-жақты айтылған болатын.