Білім • 06 Қазан, 2023
Бәсекеге қабілетті сапалы маманның негізі мектепте қаланады. Баланың бағытын айқындауға бағдар беретін де, оны өмірге дайындайтын да – мектеп. Алайда еліміздегі оқу ордаларындағы білім сапасы көңіл көншітпейді деген пікірлер де бар. Көп оқушының бейінді пәнін ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыратын кезде ғана таңдап жататыны – соның дәлелі. Ал мектеп қандай болуы керек? Отандық мектептерде нені оқытпайды? Нені оқытуға тиіс?
Медицина • 06 Қазан, 2023
Қымбат дәріні халықтың қалтасы көтере ме?
Жуырда Петропавл қаласында тұратын таныс зейнеткер хабарласып, өзінің көптен бері глаукомамен сырқаттанып жүргенін, ал емдеуші дәрігер жазып берген көз тамшысы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне енгізілмегендіктен, дәрі сатып алуға мардымсыз зейнетақысынан ай сайын 12 мың теңгедей қаржы жұмсауға мәжбүр екенін айтып шағынды.
Пікір • 06 Қазан, 2023
Съезд идеясы – диалог пен өзара көмек
Осыдан 20 жыл бұрын, 2003 жылы 23-24 қыркүйекте Астана қаласында алғаш рет Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының I съезі өтті. Съездің мақсаты – діндердің әлемдік және дәстүрлі нысандарында жалпыадамзаттық бағдарларды іздеу, діндер диалогін жүзеге асыру және келісілген шешімдерді қабылдау үшін халықаралық конфессияаралық институтын құру болды.
Сұхбат • 06 Қазан, 2023
Қайтарылған жер халық мүддесіне қызмет етуге тиіс
Ел Президентінің заңсыз берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруға байланысты тапсырмасына сәйкес «Жер аманаты» комиссиясы құрылып, сең қозғалғаны белгілі. Осы орайда аталған мәселенің басы-қасында жүрген Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытжан БАЗАРБЕКПЕН әңгімелескен едік.
Медицина • 06 Қазан, 2023
Медицинадағы қордаланған қарыз
Кейінгі үш жылда денсаулық сақтау жүйесін мемлекеттік қаржыландыру 2,5 есеге өсіп, 3 млрд доллардан асқан. Соған қарамастан жеткізушілерге, тіпті қызметкерлерге қарызы қатталып қалған медициналық мекемелер тұрғындарға толыққанды көмек көрсете алмай отыр.