Өндіріс • 28 Қыркүйек, 2023
Мемлекет отандық қағаз өнеркәсібін дамыту үшін қорғау тетіктерін іске асырып отыр. Мәселен, қазіргі уақытта кеңсе қағаздарын шетелдік өндірушілерден сатып алуға тыйым салынған. Бұл шектеу екі жылға жарамды. Бұл салада еңбек ететін кәсіпорындардың көбі майлық, сүлгі, орамал және тұрмыстық қағаздар өндіреді. Ал кеңсе қағазын өндірумен төрт кәсіпорын айналысады.
Білім • 28 Қыркүйек, 2023
Педагогикалық университет қандай болуы керек?
Ел болашағының жарқын болуы бүгін мектепте тәрбиеленіп жатқан жас ұрпақтың біліктілігі мен парасаттылығына тікелей байланысты. Оқушылардың жан-жақты дамыған, мемлекетшіл, шығармашыл тұлға болып қалыптасуы мектептегі ұстаздардың кәсіптік білім деңгейіне тәуелді екені де белгілі. Ал мұғалімдердің кәсіптік білім жүйесі педагогикалық жоғары оқу орындарында қалыптасады.
Теңге • 28 Қыркүйек, 2023
Ішкі нарықта доллар құнының өсуі қыркүйектің алғашқы күндерінен басталды. Айдың алғашқы онкүндігінде доллардың құны 466 теңгеден асты, ал мұнай барреліне 90 доллар шамасында болды. Қыркүйектің бірінші жартысында еуроның ресми бағамы негізінен тамыз айының соңындағы деңгейден төмен болып шықты, бірақ ай ортасында ол 500 теңгеден қайта асты. Нәтижесінде, теңгенің еуроға шаққандағы девальвациялану деңгейі 1,8 пайызға дейін өсті.
Әдебиет • 28 Қыркүйек, 2023
Шын мәнінде, қазақ әдебиетіне құбылыс болып келген таланттар өте сирек. Сол сиректің бірі – Оралхан Бөкей. Қабырғалы қаламгердің шығармалары туралы сөз болғанда, бір оқырмандар оның қарапайым еңбек адамдары, олардың жанқиярлық еңбегі туралы жазған «Өз отыңды өшірме» мен Алтай тауындағы омарташылардың қым-қуыт тіршілігі арқылы, ондағы Таған атты жастың маскүнемдік дертке душар болған себебін сезімталдықпен баяндаған «Атау кере» романын жоғары бағаласа, енді біреулері адам жанының қырық қатпарына терең бойлаған психологиялық иірімдерге бай повестері мен әңгімелерін сүйіп оқиды. Келесі бір оқырмандар пафосқа толы екпінмен көркем жазылған публицистикасын жақсы көреді. Қысқасы, жазушының қай-қай шығармасының да шоқтығы биік, кейде ол оқырманды тұңғиық ойға батырса, кейде жылы шуаққа бөлеп, ақ жаңбырдай төпелеген кестелі тілімен желдіртіп отырады.
Ғылым • 28 Қыркүйек, 2023
Полимер индустриясы – әлемде қарқынды дамып келе жатқан сала. Бүгінде мұнайдан алынатын полимерлер медицина, құрылыс, автомобиль жасау, электроника, электртехника, көлік салаларында кеңінен қолданыла бастады. Сондай-ақ оны пластик пакеттер, орауыш материалдар, ыстық сумен жабдықтау құбырлары, бақша және кеңсе жиһаздары, ойыншықтар, аспап жасау өндірісін де пайдаланады. Бұл өндірістің ғылыммен ықпалдастықта дамитынын қаперге алсақ, ғылыми қауымдастық біздің елдегі полимер ғылымының дамуын академик Еренғайып Шайхутдиновтың есімімен байланыстырады.