Айбын • 28 Қыркүйек, 2023
Ақтөбеде Ұлттық ұланның «Үздік жүргізушісі» және «Үздік БТР экипажы» атағы үшін өтетін байқаудың соңғы кезеңі аяқталды. Байқауды өткізудің негізгі мақсаты – әскери жүргізушілердің, БТР экипаж мүшелерінің кәсіби шеберлігін жетілдіру.
Спорт • 28 Қыркүйек, 2023
Сербия астанасы – Белградта күрес түрлерінен әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін осы жарыста көргеніміз бен көңілге түйгенімізді қағаз бетіне түсіруді жөн көрдік. Аталған додада келесі жылы Парижде алауы тұтанатын ХХХІІІ жазғы Олимпия ойындарының жолдамалары сарапқа салынғандықтан, барлық мемлекет өздерінің мықты балуандарын аламанға қосты. Солардың қатарында Олимпиада мен әлем чемпионаттарында жеңіс тұғырына көтерілген спортшылар да болды.
Руханият • 27 Қыркүйек, 2023
Омбы қазақтарына ескерткіш орнатқан
Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын архив деректері негізде іздестіруде әлі де көп жұмыс атқарылуы қажет. Әсіресе еліміздің Ресеймен шектес Астрахан, Орынбор, Саратов, Волгоград, Түмен, Челябі облыстарындағы ерлік көрсеткен қазақ жауынгерлерінің де есімдері атаусыз қалмауға тиіс.
Тарих • 27 Қыркүйек, 2023
2001 жылдың қоңыр күзі. Қобда беті қазақтары арасынан шыққан тарихи тұлға – Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Моңғол елінің өкілдерімен бірге Сталиннің қабылдауында болған, 1960 жылдары қытай көсемі Мао Цзэдунмен дастарқан басында жолығып, дәм татысқан Қашқынбай Мәлікұлы туралы дерек жинап жүрдім. Сол тұста Қашекеңнің туған күйеу баласы, бұрынғы мемлекеттік қауіпсіздік саласының ардагері Тоқталхан Нұғыманұлы Теміртау қаласында тұрып жатыр дегенді құлағымыз шалды.
Тұлға • 27 Қыркүйек, 2023
Шерхан Мұртаза десек, шындық ұғымының да қатар айтылуы қалыпты жағдайға айналып кеткені қашан. Әр туындысы өткірлік қана емес, шынайылығымен де баурап алатын жазушы қаламының қуаты қай кезде де оқырманын бейжай қалдырып көрген емес. Болмысындай шығармалары да мінезді суреткердің әр сөз бен сөйлемінің астарынан мың сан сырды ұғуға, ұқтыруға болады.