Құрылыс • 15 Қыркүйек, 2023
Ел аумағындағы ауқатты кәсіпкерлер мен белді құрылыс компаниялары Алматы қаласынан тұрғын үй кешендерін салуға айрықша құлшыныс танытып отыр. Дәл осы күні шаһардың 823 нүктесінде ауыр құрылыс нысандарының жұмысы қызқыз қайнап жатқан болса, оның 155-і біз айтып отырған тұрғын үй кешені. Сұранысқа сай құрылыстың қарқын алғаны жақсы-ақ, алайда сапаға салғырт қарайтын компаниялардың саны азаймай тұр.
Ұлттық спорт • 15 Қыркүйек, 2023
Астана қаласының іргесіндегі Қаражар ауылынан аттанған салт аттылар межелі жолдың жартысынан асып, Жезқазған жерін басып өтті. Әзірге Қостанай, Маңғыстау облыстарымен қатар Астана қаласының командалары бәйгенің алдында келеді.
Экономика • 14 Қыркүйек, 2023
Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған мәселелердің дені әлемнің көптеген еліне тән. Құжатта еліміздің даму жағдайына баға беріліп, алдағы жылдарда кезек күттірмейтін іс-шараларды жүзеге асыру жолы ұсынылды. Елімізде мұндай үрдіс 1996 жылдан бастау алғанынан барша жұрт хабардар.
Денсаулық • 14 Қыркүйек, 2023
Қазіргі кезде кез келген аурудан қорғанудың негізгі жолы алдын алу екені белгілі. АИТВ инфекциясына келетін болсақ, профилактикалық шаралар вирустан сақтанудың жалғыз мүмкіндігі болып саналады.
Еңбек • 14 Қыркүйек, 2023
Еңбек адамды өсіреді, өмірге құлшынысын арттырып, қанаттандырады. Ертеңгі күнге деген сенімін нығайтып, үмітін үкілей түседі. Төрт мүшесі түгел бола тұра еңбекке құлықсыз жандардың қасында өзін әлдеқайда бақытты, табысты, ырысты сезініп, еңбек ету арқылы көптің құрметіне бөленіп жүрген ісмер Гүлім Нұрбатырова осылай ой түйеді. Шеберлігі шыңдалған тігіншінің есімі бүгінде жұртшылыққа жақсы таныс.