Руханият • 18 Қыркүйек, 2023
Кейінгі жылдары елімізде кітап жәрмеңкесі жиі өтіп жүр. Қазақ баспалары ерекше қарқын алып, кітап саудасында бой көрсете бастады. Әсіресе қазақтілді оқырманның қазақтілді кітап нарығындағы белсенділігі де артып келеді. Жылда ұйымдастырылатын кітап жәрмеңкелері дәстүрге айналып, кітап мерекесі деген ұғым қалыптастырды. Бұл, әрине, бұрнағы кезеңдегі жәрмеңкесіз жылдарға қарағанда едәуір нәтиже.
Экология • 18 Қыркүйек, 2023
Тұмса табиғатты күл-қоқыс басып барады
Талап күшейіп, біршама тәртіп орнаттық дегенімізбен, көрікті Көкшетау мен нулы-сулы Қорғалжынның арасындағы кең көсілген даланың дидарына түсіп тұрған кесірлі кіреуке бар. Бұл бейберекет – ең бастысы, заңсыз күл-қоқыс жайлаған орындар.
Тәрбие • 17 Қыркүйек, 2023
Қоғамда аста-төк ысырапшылдық белең алып барады. Бұл бүгінгі жастардың немесе көзқарасы бекімеген балалардың өмірлік ұстанымына кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Кез келген нәрсенің сұрауы бар. Сондықтан әр отбасында үнемділікке мән берілуі керек.
Тарих • 17 Қыркүйек, 2023
Қазақ тарихында әлі күнге дейін толық зерттеліп, тұжырымдалмаған бір сала бар. Ол – халқымыздың жауынгерлік өнері. Соның ішінде, үлкен ақын Ілияс Жансүгіров «Күйші» поэмасында: «Ат сайлап, қылыш қайрап, сарбаз ерлер, Зеңбірек атанға артқан найзагерлер, Жарқылдап сыбызғылы күй тартқандай, Алатау берік қорған жұмақ жерлер» дегеніндей, қазақ жауынгерлері атан түйенің үстіне зеңбірек немесе отты қару орналастырып, жаумен шайқасқаны жайлы біле бермейміз.
Энергетика • 17 Қыркүйек, 2023
«Жасыл» энергетика: кімнің бәсі жоғары?
Бұған дейін Батыс елдері Қытайды климаттың өзгеруімен күресуге жеткілікті деңгейде көңіл бөлмей келе жатқанын айтып дабыл қағатын. Енді, Бейжің билігі «жасыл» технология саласында жетекші елге айналғанына алаңдаулы.