Әдебиет • 18 Қыркүйек, 2023
«Әсеттей сал ән салсаң...» деп басталатын әннің бірнеше нұсқасы бар. Әсет әндері Арқа жерінен қанат қағып, мынау Семей, сонау Жетісу мен қазір арғы бетте қалып қойған қазақ өлкелеріне түгел жайылған ұлт өнерінің асқақ бейнесі десе болғандай. Кезінде қазақ ән өнеріне қатысты маңызды хабарлар мен бағдарламалар, үлкен ән байқаулары Әсет әнінің атымен «Інжу-маржан» аталып жатты. Қазақ өнерінің алыбы жиып алыңдар дегендей ұлт мәдениетінің небір інжу-маржандарын тастап кетті соңына.
Әдебиет • 18 Қыркүйек, 2023
Уақыт дейтін қатал, қатыгез, қаһарлы сыншының тезінен сүрінбей өту – суреткер үшін үлкен сын, үлкен бақыт. Бұл – азабы мен мехнаты мол, қиындығы мен қиянаты жетіп артылатын ұйқысыз түндер мен күлкісіз күндердің жемісі. Ары мен бары, қуанышы мен зары, нұры мен сыры сынға түскен айлардың, жылдардың көрінісі.
Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2023
Атырау облысымен экономикалық, іскерлік қарым-қатынасты орнатуды көздеген елдер қатары артып келеді. Мұнайлы өңірмен алыс-берісті, барыс-келісті нығайтуға бет бұрғандар сауда-экономикалық, инвестициялық байланысты дамытуды көздейді.
Алматы • 18 Қыркүйек, 2023
Этносаралық үйлесімнің жаңа деңгейі
Алматыдағы Достық үйінде «Қоғамдық келісім және ұлттың әл-ауқаты: серіктестік, медиация және экономикалық белсенділік мүмкіндіктері» тақырыбында конференция өтті. Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты ел халқына Жолдауы аясында ұйымдастырылған іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Президент Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, сондай-ақ сарапшы ғалымдар мен бизнес қоғамдастық өкілдері қатысты.
Қоғам • 18 Қыркүйек, 2023
Балаларды қорғаудың заңдық негіздері
«Amanat» жетекшісі Ерлан Қошанов Мәжілістегі партия фракциясының жиналысын өткізді. Отырыста еліміздегі отбасы, ана мен бала құқығын қорғаудың қазіргі жағдайы талқыланды. Сондай-ақ жиында жұртшылықпен бірге әзірленген балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жаңа заң жобасы таныстырылды.