Шаруашылық • 19 Қыркүйек, 2023
Қазір еліміздің барлық өңірлерінде күзгі жиын-терім жұмыстары қызу жүріп жатыр. Дегенмен соңғы кезеңдегі толассыз жауған жауынның әсерінен бірқатар облыстардың шаруашылықтарында, егістік алқаптарында алаңдатарлық ахуал қалыптасып отыр.
Пікір • 19 Қыркүйек, 2023
Түбегейлі өзгерістерге жол сілтейтін құжат
Әдетте халыққа Жолдау ұзақмерзімді тақырыпқа арналады да, онда қойылған мақсаттар абстракт терминдермен, әдемі сөздермен, асқақ мұраттармен көмкеріледі. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың таяудағы Жолдауында мұндай болған жоқ. Меніңше, осы ел басшысының бұл жолғы үндеуінде прагматизм, шынайылық және өршіл мақсат айқын аңғарылады. Жетістіктер атап көрсетілді. Кемшіліктер де назардан тыс қалмады. Ұзақмерзімді мақсаттардың орнына қысқа және орта мерзімдегі өлшенетін міндеттерге басымдық берілді.
Сұхбат • 19 Қыркүйек, 2023
Жақып АСАНОВ: Өнім мен өндіріске де заңдық қолдау мен бақылау қажет
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауы негізінен экономиканы өркендетуге, халықтың әл-ауқатын арттыруға арналды. Соның ішінде, ауыл шаруашылығын дамыту жолында шикізатты өңдеп сату міндетін алға қойып: «Біздің стратегиялық мақсатымыз – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет», деді. Бұл тапсырманы орындау үшін елімізде қандай мүмкіндіктер бар, қандай өзекті мәселелер алдымызда тұр? Сенат төрағасының орынбасары Жақып Асанов «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында осы мәселеге кеңінен тоқталды.
Жемқорлық • 19 Қыркүйек, 2023
Кейінгі күндері ел назарын өзіне аударған жаңалықтың бірі – мемлекет мүлкін иемденіп, қылмыстық жолмен қомақты қаржыны заңдастырғаны үшін Қайрат Боранбаевтың дүние-мүлкі тәркіленіп, 6 жылға сотталуы. Оның сыбайластары Роман Наханов пен Тайыр Жанұзаққа қатысты да сот үкімі шығып, бірі – 6, екіншісі – 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Өнер • 18 Қыркүйек, 2023
«Сөз аяқталған жерде музыка басталады» дегенге келіспеске кейде лажың да қалмайды. Расында, мұнда көркем әдебиеттегідей образ да жоқ, көзбен көріп, санамен сезінетін бейнелеу өнері де емес. Адам айта алмаған дүниені кейде музыка, ән жеткізіп жатады. Көңілдегіні тап басып, өзге бір әлемге жетелей жөнелетін музыка құдіреті де бөлек.