Қоғам • 20 Қыркүйек, 2023
Шайқалған шаңырақ қоғамның қабырғасын сөгеді
Ынтымағы жарасқан, ырыс ұйыған тату-тәтті отбасы – қоғамның құты. Өкініштісі, осы құтымызды ортайтып, шаңырағы ортасына түскен, ойран болған отбасылардың саны азаймай-ақ қойды. Қандай да бір жарыста еңсеміз түсіп, ең соңында қалғанда сасқанымыздан «Артынан санағанда біріншімін» деп өз-өзімізді жұбатқан боламыз. Еліміздегі ажырасу көрсеткіші – дәл осы жағдайдың кебі. Яғни бұл сорақы статистикадан дүниежүзінде алдыңғы қатардамыз.
Білім • 20 Қыркүйек, 2023
Өңірде мұғалім тапшылығы әлі бар. «Teach for Qazaqstan» жобасы қолға алынғалы бері, бұл мәселе ретімен жолға қойылып келеді. Жоба игілігін көрген алғашқы отыз түлек облыс мектептеріне жұмысқа орналасты.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2023
Бала үшін Отанының әр бұрышы қауіпсіз мекенге айналу керек. Балаң көңіл әрқашан қамқорлыққа мұқтаж. Бұл күні қауіпсіз мекенін қатыгездік торлап, анасының жұмсақ алақаны қатты жұдырыққа айналған қаншама сәби жаутаңдап отыр. Мемелекет осы мәселені шешу үшін кешенді жоспар қабылдады.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2023
О заманда, бұ заман біздің қоғам домбыраны дауға айналдырады деп кім ойлаған? Әйтеуір жаз ортасында әлеуметтік желіні шулатқанын ұмыта қойғанымыз жоқ. Іле-шала, міне, кеше ғана «домбыра харам» деп кергіген діни жат ағымдағылар әлеуметтік желіні тағы шулатты.
Президент • 19 Қыркүйек, 2023
Келешекке бағдарланған кездесулер
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясы аясында шетел президенттерімен екіжақты кездесулері жалғасты. Сондай-ақ Президент бірқатар халықаралық ұйым және трансұлттық компанияның жетекшілерін қабылдап, екіжақты келіссөздер жүргізді.