Шаруашылық • 18 Қыркүйек, 2023
Ауыл шаруашылығы: Ғылым және тәжірибе
Мемлекеттің жаңа экономикалық саясаты ішкі нарықты ауыл шаруашылығы тауарларымен жеткілікті түрде қамтамасыз етіп, импортқа тәуелділікті азайтуды көздейді. Бұл ретте азық-түлік саясатында жетекші рөлге ие аграрлық саланы дамыту маңызды. Оның үстіне елімізді Еуразиядағы жетекші аграрлық орталықтардың біріне айналдыру бастамасы агроғылымға да жаңа міндеттер жүктеп отыр.
Дін • 18 Қыркүйек, 2023
90-жылдарға дейін бір діни басқарманың құрамында болған көрші Өзбекстанның бас мүфтиі Нұриддин Холикназаров киім кию, сақал өсіру және қажылық секілді қоғамда қызу талқыға түсіп жүрген өткір мәселе туралы сөз қозғап, халықты артық кетпеуге шақырды.
Білім • 18 Қыркүйек, 2023
«Келешектің» ертеңі не болмақ?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында «Келешек» атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырды. Осыған орай ата-аналар тарапынан қойылатын сұрақ көбейді. Себебі бұған дейін «Aqyl» білім депозитіне баласының болашақта білім алуына қаржы жинақтап жүргендер екіжақты ойға қалғандай. Қос депозиттің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар? Қайсысы тиімді? Екі бірдей білім депозиті не үшін керек?
Қаржы • 18 Қыркүйек, 2023
KASE+AIX=... Қос биржаны қосқаннан не өзгереді?
Елімізде екі бірдей қор биржасы (KASE және AIX) жұмыс істейді және олар көп жағдайда бір-бірін қайталайды. Өзара бәсекеге түсетін кездері де жоқ емес. Бұл отандық қаржы жүйесіне жағымсыз әсер етуі мүмкін. Ішкі нарықтың көлемі мен тартымдылығын арттыру үшін екеуін біріктіріп, бірыңғай басқаруға көшірген жөн болмақ. Мұндай жаңашылдыққа қаржы нарығы қалай қарайды? Бір-бірінен табиғаты бөлек секілденетін қос биржаның қосылуы нендей өзгеріс туғызбақ?
Қоғам • 18 Қыркүйек, 2023
Ресми деректерге сүйенсек, қазір елімізде күн сайын бір-екі бала суицидке барады немесе соған қатысты әрекеттер жасайды. Бір тәулікте 342 адам тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраса, балалар арасында 5 қылмыстық оқиға тіркеледі. Жылына 150 бала терезеден құлайды немесе кәріз құбырына секіріп кетеді. Мұның көбі буллингке байланысты туындайтынын байқаған зерттеушілер.