Тұлға • 14 Қыркүйек, 2023
Тұңғышбай Жаманқұлов деген есім бұл күнде бар қазаққа, тіпті өзге ұлттар үшін де әйгілі болып отыр. Оның әйгілілігі сондай, көшеде келе жатса да назар аудармайтын, реті келсе иіліп сәлем бермейтін адам жоқ. Сәті түскендері оның қолын алып, сол үшін өздерін бақытты жандай сезінеді. Театрда, кино залында немесе көпшілік жиналған жерде жұрттың жапа-тармағай онымен амандасып, реті келсе бір жапырақ қағазға қол қойдырып алып жатқанын көргенде менің есіме Сәбит Мұқановтың: «Осы да жетті деген тілегіне, жол таптым бар қазақтың жүрегіне» деген өлең жолдары еріксіз түседі.
Зерде • 14 Қыркүйек, 2023
Темір ауданы Шилісу өзені бойында ХІХ ғасырдың соңында Ақтөбе өңірінде бірнеше жерден мешіт-медресе салған көрнекті рухани ұстаз, дін қайраткері Досмұхамед (Досжан) ишан Қашақұлының мемориалдық кешені ашылды. Еліміздің батыс өлкесінде діни-ағартушылық қызметпен айналысып, елге ұстаз бола білген жүздеген хазірет, ахун, ишан есімдері отарлау кезеңінде тасада қалды.
Сұхбат • 14 Қыркүйек, 2023
– Ассалаумағалейкум, аға! – Уағалейкумассалам!– Қай баласың?– Астанадағы «Egemen Qazaqstan» газетінен хабарласып тұрмын, – деп едім, Пернебай ағаның дауысы жадырап: – Айналайын, сонау бас қаладан қоңырау шалып тұр екенсің, мың алғыс. Мен еліміздегі бас басылымның оқырманы ғана емеспін, тұрақты авторымын. Талай танымдық мақалаларым, эсселерім жарық көрді. Жасым ұлғайса да түгін қалдырмай оқимын, –деп ақтарыла жөнелді.Бала кезімнен жеткіншектерге арнап жазған шығармаларын сүйіп оқыған жазушымен екеуара әңгімеміз осылай басталды. Ауылда тұрып-ақ әдебиетіміздің қазынасын байытып, қаншама баланың санасына көркемсөз сәулесін түсірген сыршыл суреткермен кездесіп, әңгімелессе ғой деп ойлаушы едім. Соның сәті де орайымен келіп, қабырғалы қаламгермен өмір жолы мен шығармашылығы туралы әңгімелестік.
Әдебиет • 14 Қыркүйек, 2023
«Абай жолында» қанша кейіпкер бар?
«Абай жолы» роман-эпопеясын неше рет қайталап оқысам да, әлі күнге дейін кейіпкерлер мен жер-су аттарынан шатаса беремін. Әлем әдебиетін зерттеушілердің бірінің еңбегінде (есімін ұмытып отырмын) «Абай жолы» романы көркем әдебиеттердің ішіндегі ең көп кейіпкері бар, жер-су аттары мен ру атаулары молынан берілген күрделі шығарма» дегенді оқып едім. Осы жаңа жылдан бастап 26 тараудан, екі эпиологтен тұратын төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясын қайтадан оқуға бел буып, асықпай қарап, кейіпкерлерді тарауға бөліп, ру атауларын бөлек, жер-су аттарын бөлек тізімдеп шықтым.
Таным • 14 Қыркүйек, 2023
Әлдебір сайттан әлем жаңалықтарын оқып отырып, БҰҰ-ның «Жаһандық жылыну бітті, енді жаһандық қайнау басталады» деген пікірін оқыдым. Аңдасақ, бұл – адамзатқа үлкен ескерту. Жыл сайын жаз басталысымен әлемде қаншама орман мен жайылым өртке оранып, онсыз да тозып жатқан табиғат одан сайын бүлініп, Жер-Ананың жүрегі жараланады. Осыдан он шақты жыл бұрын әлем ғалымдары адамзат болашақта жаһандық жылынудан зардап шегетінін айтып, дабыл қақты. Жапан далада бозторғайдың шырылын ешкім естімейтіні сияқты, әлгі ғалымдардың да ескертуін естіген құлақ аз болған сыңайлы.