Футбол • 11 Қыркүйек, 2023
Қазақстан ұлттық құрама қоржынына түскен үш ұпай, отандастарымызды қуанышқа бөледі. Командамыз 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Солтүстік Ирландия құрамасымен екінші матчын өткізіп, тағы да жеңіс туын желбіретті. Бұл жолы да 1:0 есебі тіркелді. Осыдан бірер ай бұрын сырт алаңдағы бәсекеде біздің жігіттер қарсыластарын өз жанкүйерлері алдында 1:0 есебімен тізе бүктірген еді.
Тарих • 10 Қыркүйек, 2023
Ауылда өскен балалар секілді Балтабай Мейіров те төрт түлік малды қарауға, оны күтіп бағуға ерте жастан ынталы болды. Осы бір ынта оны Мәскеуге жетеледі. Сондағы білдей институттың мал шаруашылығы мамандарын даярлау бөліміне оқуға түсті. Кейін білікті маман ретінде қатарға қосылды.
Тұлға • 10 Қыркүйек, 2023
Мемлекеттік академиялық би театрының негізін қалаушы әрі тұрақты жетекшісі, халық әртісі, әйгілі хореограф, профессор Болат Ғазизұлы тірі болғанда 85 жасқа толар еді.
Медицина • 08 Қыркүйек, 2023
Қазір қалада да, тіпті ауылдарда дәріханалар көбейді. Көп болғаны әуелі тұтынушыға, одан соң кәсіпкерге тиімді. Бас ауырып, балтыр сыздаса, күн-түн демей, тәулік бойы жұмыс істейтін дәріханалар ашық. Осыған қарап фармацевтикалық заттардың тапшылығы байқалмайды-ау деп байлам жасасақ, қателескен екенбіз. Кешегі карантин кезіндегі ахуалды еске алып көріңіз. Коронавирус өршіп тұрғанда сеңдей сапырылысқан жұрт қарапайым маска мен «парацетамол» таппай сарсаңға түскен жоқ па? Иә, баршамызға сынақ болған ол кез де артта қалды, ал ендігі жағдайымыз қалай?
Жансарай • 08 Қыркүйек, 2023
Гүлжан Ізімқызымен алғаш Хиуаз Доспанова атындағы халықаралық әуежайда кездестік. Кездейсоқ деуге болар еді... Бірақ әуежайдағы ығы-жығы жолаушылардың ішінде өзгеше дараланып тұрған Гүлжан апайдың тұлғасын байқамау мүмкін емес еді. Алғаш танысып тұрсақ та, бірден шүйіркелесіп кеттік. Ұшар бағытымыз да бір – Астана екен. Ұзын бойлы, жанары оттай жалындаған, әр қимылы жарасымды, сәнді киінген сапарласым мені өзіне баурап, жан жатырқамайтын кісілік келбетімен тәнті етті.