Өнер • 07 Қыркүйек, 2023
Шежірелі тарихымыздың әр парағын ашып, тереңіне үңілсек, халқымыз ғасырлар бойы басын бәйгеге тігіп, азаттық үшін арпалысқанын көреміз. Бостандық сүйгіш қазақтың басынан небір қилы заман өтті. Қысылтаяң кезде мұқалмай бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білген батыр бабаларымыздың ерлігі санамызда жатталып қалды. Сондай бірегей батырлардың бірі ұлтазаттық көтерілістің бас сардары Амангелді Имановтың туғанына биылғы 3 сәуірде 150 жыл толды.
Тұлға • 07 Қыркүйек, 2023
Энергияның түрі көп. Алайда ақыл-ой қуатына тең келетін бірде-бір күш жоқ. Дәл осы энергетика бойына молынан құйылған адамдарды алабөтен құрметтеймін. Астанаға қоныс аударған ширек ғасырда үш ағамды ерекше жақсы көріп кеттім. Олар – Әкім Тарази, Қойшығара Салғарин және Төлен Әбдік. Парасаттылық пайымынан жаңылмай келе жатқан үш алыпты бір-біріне қатты ұқсатамын. Мүмкін, олар өмір бойы ақыл-ойдың энергетикалық жиілігінде жүргендігінен болар. Бізге сенімді өмір сүруге платформа жасап беретін өмірлік тәжірибесі бай, жиған-тергені мол жандардың шамшырақтай жол көрсетіп тұратыны – зор байлық.
Жәдігер • 07 Қыркүйек, 2023
Тәуелсіздік жылдары табылған құнды қазынамыздың бірі – Талды ханзадасы. 2009-2010 жылдары археолог Арман Бейсеновтің жетекшілігімен Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы орталығынан 44 шақырым қашықта орналасқан обаға қазба жұмыстары жүргізілді. Өңірде бір-біріне жалғасып жатқан жеті қорған-оба тізбегі Талды өзені аңғарын көлбей қоныс тепкендіктен ғылыми тілде «Талды қорғандары» деген атауға ие.
Тарих • 07 Қыркүйек, 2023
Қоянды жәрмеңкесі: күнгейі мен көлеңкесі
Атақты Қоянды жәрмеңкесі 1848-1930 жылдар аралығында Сарыарқа төрінде орналасқан ірі маусымдық сауда орталығы болған. Ол 1848 жылы Қарқаралы станицасынан 52 шақырым қашықтықтағы Талды өзенінің бойында Қоянды деген жерде айырбас сауда орталығы ретінде ашылған. 1848 жылы мамыр айында Ялуторск (Түмен облысындағы Тобыл өзенінің сол жағалауында орналасқан қалашық) көпесі В.Ботов өндіріс тауарларымен сауда жасау мақсатында Қызылжарға мал айдап апара жатқан саудагерлерді Талды бойындағы Қояндының Тоқпақ тауларының етегінде күтіп алады. Сол жерде өз тауарларын қымбат бағамен айырбастап, мал мен одан алынатын өнімдерді Қызылжарға, Ресей қалаларына жеткізіп, пайда табады. Мұндай оңай олжа бірте-бірте басқа да көпестердің назарын аударады. Алғашқыда аумағы 2 шаршы шақырым ғана болса, кейіннен ұзындығы 11 шақырым, ені 5 шақырымдай жерді алып, бүкіл Талды даласы сауда алаңына айналып кетеді.
Инфографика • 07 Қыркүйек, 2023
Жолдау және жалпыұлттық іс-шаралар жоспары
Үкімет отырысында Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы қаралды.