Сұхбат • 04 Қыркүйек, 2023
Жамал МАНКЕЕВА: Бәрі тілден басталады
Тіл мерекесі жыл өткен сайын дәстүрлі сипат алып келеді. Атаулы күнде сөз бен тілдің байырғыдан жалғасқан байланысына үңіліп, қазіргі сипатын бағамдап жатамыз. Бүгінгідей жаңа технологияның қарыштап дамыған уақытында әрі ақпараттық ағынмен бірге тілдің де қоғамдық қолданысқа сай өзгеріске ұшырауы заңды. Осы турасында филология ғылымдарының докторы, профессор Жамал МАНКЕЕВАМЕН аз-кем әңгімелескен едік.
Пікір • 04 Қыркүйек, 2023
Қорғаныс өнеркәсібін нығайту мүмкіндігі
Геосаяси ахуал құбылып тұрғанда Мемлекет басшысының қорғаныс өнеркәсібіне назар аударғаны жақсы болды. Жолдауда бұл мәселенің айтылуы бірден назарымды аударды. Қысқаша айтсақ, Президент қорғаныс өнеркәсібі кешенін жан-жақты нығайтуды тапсырды. Импортқа тәуелділікті азайтуға септігі тиетіндей етіп өнеркәсіпті локолизациялау да айтылды.
Әдебиет • 04 Қыркүйек, 2023
Қазақ халқының әдеби-мәдени кеңістігі зор. Өйткені республика шекарасынан тыс жерде халқымыздың үштен бір бөлігі өмір сүріп жатыр. Үлкен тарихшы-ғалым Зардыхан Қинаятұлы айтқандай, «олар да ән салып, әдебиет жасаған». Соның бірі – байөлкелік қазақтар арасынан шыққан дарынды қаламгер, өлке тарихында тұңғыш роман жазған жазушы Елеусіз Мұқамәдиұлы.
Медицина • 04 Қыркүйек, 2023
Рустам АЛБАЕВ: Президенттік аурухана тәжірибесін өңірлерге тарату маңызды
Еліміздегі медициналық қызмет сапасын көтеруге елеулі үлес қосып келе жатқан Президент Іс басқармасының Медициналық орталығы мамандары өңірдегі әріптестерімен тәжірибесін бөлісіп, игі істерге бастамашы болып жүргенінен хабардармыз. Аталған орталықтың дәрігерлері биыл алты өңірде 83 операция жасап, 428 дәрігерлік кеңес беріп, 57 дәріс оқыды. Осы орайда аурухананың директоры, кардиохирург дәрігер Рустам Албаевпен сұхбаттасудың сәті түсті.
Қоғам • 04 Қыркүйек, 2023
Пандус – қоғам жауапкершілігіне сын
Мүгедектігі бар адамдарға қоғам бар мүмкіндікті туғызуға тиіс. Олардың еркін жүріп-тұруы үшін және өзін қоғамның тең дәрежелі мүшесі екенін сезінуге кедергісіз орта қажет. Өйткені бұл – ең бірінші кезекте адам теңдігінің кепілі. Екінші, әлемдік қоғамдастықтың қойып отырған талабы да – осы.