Қоғам • 05 Шілде, 2023
Ономастика – мемлекеттік шаруа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде ономастика саласы тарихи сана-сезімді жаңғыртудың маңызды идеологиялық құралы екеніне назар аудара келіп: «Жалпы, ономастика саласын тәртіпке келтірген жөн. Бұл шаруа кешенді және дәйекті түрде бір орталықтан атқарылуға тиіс. Ономастика бұл – ата-бабаларымызға байланысты я белгілі тұлғалардың туысқандарының ісі емес. Бұл – мемлекеттің шаруасы. Осы саладағы барлық рәсімдерді іс жүзінде реттеу маңызды. Онда аймақтардың ерекшелігімен қатар, жалпыұлттық басымдықтар да ескерілуі керек», деді.
Күрес • 05 Шілде, 2023
Балуандар Олимпиада жолдамасына таласады
Парижде алауы тұтанатын Жазғы Олимпия ойындарының басталуына да бір жылдан сәл аса уақыт қалды. Қазір Олимпиада бағдарламасына енген бірқатар спорт түрінен жолдамалар сарапқа салынып жатса, кей спорт түрінен лицензиялар енді таратыла бастайды. Мәселен, күні кеше Халықаралық күрес федерациясы (UWW) 2024 жылғы Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын белдесулер қай қалаларда өтетінін мәлімдеді. Яғни Олимпиадаға дейінгі балуандар бәсекесінің іріктеуі үш кезеңге жалғасып, әлемнің үш қаласында ұйымдастырылады.
Аймақтар • 04 Шілде, 2023
Жолдың «жыры» немесе пеноплекс көпір
Жаза-жаза жауыр еттік бұл тақырыпты. Жазбасқа тағы болмайды. Шығыс Қазақстанда жібі түзу жол қалмады. Омбы – Майқапшағай, Өскемен – Талдықорған, Өскемен – Алтай бағыттарындағы жол құрылыстарының қашан басталғаны есте жоқ, тіпті. Әйтеуір, әне-міне аяқталады дегенді жылда естиміз. Өз өтірігімізге өзіміз сеніп, әлі жүрміз.
Руханият • 04 Шілде, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында: «Қазір Қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмыс істеп жатыр. Осыған байланысты көптеген архив материалдары зерттелуде. Бұрын халқымызға беймәлім болған тың мәліметтер жарыққа шығып жатыр. Жақында сол құжаттардың ішінен «авторы Жүсіпбек Аймауытұлы» деп көрсетілген шығарма табылды» деп айтқан еді. Шынында да, алаш қайраткерлерінің ұлт мүддесі жолында атқарған істері әлі зерделеуді қажет етеді. Жүсіпбек Аймауытұлының өміріне қатысты төмендегі дерек те осыны айғақтайды.
Мәселе • 04 Шілде, 2023
Ауыз судың көкейкесті мәселесі
«Судың да сұрауы бар». Бабаларымыз мұны өз заманы емес, келешек үшін айтқан ба дерсің. Экономикасы мен ғылымы қарыштап дамыған ХХІ ғасырда адамзаттың қолы айға да жеткенімен, жер астындағы суға жетпей қалады деп кім ойлаған?! Бірақ ақиқаты сол, ауыз су мәселесі бүгінде бүкіл әлем үшін өткір тұрған проблемалардың біріне айналды.