Елорда • 09 Шілде, 2023
Есіл бойындағы ескі қала: Бозоқтың өткені мен бүгіні
Жаңа астана тақыр жер, тайғақ өлкеде ғайыптан пайда болған жоқ. Оған дәлел – елорданың батысы Үркер шағын ауданының солтүстік қапталында орналасқан Бозоқ қалашығы. Бұл нысан хронологиялық тұрғыдан – ежелгі түрік, ортағасырлық қыпшақ, кейінгі Алтын Орда кезеңін бастан өткерген, яғни даладағы қала мәдениетінің үлгісі іспеттес әрі сонымен қатар бүгінгі Астанамыздың іргетасы екені толық дәлелденді.
Спорт • 09 Шілде, 2023
Ел жүрегіне айналған еңселі елордамыздың ел спортында да алар орны ерекше. Кейінгі 25 жылдың ішінде еліміздің бас шаһарында жанкүйерлердің делебесін қоздырған талай дүбірлі додалар ұйымдастырылып, сәні мен сәулеті жарасқан, бірінен бірі өтетін ерекше дизайндағы спорт кешендері бой көтеріп, сол ғимараттарда атағы жер жарған әлемнің дүлдүл спортшылары жаһандық жарыстарда жеңімпаз болды. Яғни осы уақыт аралығында Астана отандық және әлемдік спорттың орталығына айналып үлгерді деп айтуға болатын сияқты.
Сұхбат • 09 Шілде, 2023
Ханбибі Есенқарақызы: Билікке – мейір, халыққа пейіл тілер едім
Біртуар ақын Серік Тұрғынбекұлы «Хан қызындай Ханбибі» деп жырға қосқан Ханбибі Есенқарақызы апамызбен әңгімелесудің сәті түскен еді. Әр сөзі алдаспан рухтан, ағыл-тегіл жүректен шығатын батыр мінезді ақынның ойы тың, жаны әрнеге жаралы.
Спорт • 09 Шілде, 2023
Арайлы Астана қаласының 25 жылдығына орай Қонаев қаласында ашық суда жүзуден «Oceanman Kazakhstan – 2023» халықаралық жарысы өтті. Бұл байрақты бәсекеге Мәдениет және спорт министрлігі, Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы облыстық бұқаралық-спорттық шараларды өткізу орталығы, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы мен «Oceanman Kazakhstan» қоғамдық қоры ұйытқы болды.
Пікір • 06 Шілде, 2023
Рас, Астананы елдің орталығына көшіру мәселесіне халық алғашында көп мән берген жоқ. Көп адам мұны талқылаудың кезі келген жоқ деп санаса, кейбіреулер тіпті қажет емес десті.