Өнім • 06 Шілде, 2023
Өткен маусымның қорытындысы бойынша елімізде күнбағыс тұқымының ішкі сұраныстан асып түскен ұтымсыз қоры 400 мың тоннаның үстіне шықты. Экспортқа қойылған шектеулерге байланысты өндірушілер өнімдерін сата алмай, 100 миллиард теңгеден астам табысты уыстан шығарып алды. Қазақстан астық одағының мәлімдеуінше, жағдай биылғы маусымда да қайталанып отыр.
Экономика • 06 Шілде, 2023
ІЖӨ: 6 пайыздық өсімнің ауылы алыс па?
2023 жылдың бірінші жартыжылдығы аяқталып қалды. Экономикалық өсімнің барысы бәрімізді бір қуантты, бір мұңайтты. Алдағы жартыжылдыққа болжамның қабағы оң. Премьер-министр Әлихан Смайылов 2023 жылы ел экономикасы 4,5-5 пайыз өсетінін айтты. Атап айтқанда, былтырғы қорытынды бойынша ел экономикасы 3,3 пайызға өскен. Бұл ретте жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны 27 пайызға көбейіпті. Осы секторда жұмыспен қамтылғандар саны 18 пайызға өсіп, 4,1 млн-ға жетті. Ал экономикадағы ШОБ үлесі 33 пайыздан 36,5 пайызға дейін ұлғайды. «Экономикалық өсім инвестициялармен тікелей байланысты. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемі 5 айда 17,2 пайызға өсті. Биыл біз экономиканың өсуін 4,5-5 пайызға, ал орта мерзімді болашақта кемінде 6 пайыз деңгейінде көздеп отырмыз», деді Премьер-министр.
Ғылым • 05 Шілде, 2023
90 жылға жуықтаған өмір өткелінде Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті екі ғасырдың әр алуан оқиғалары мен күрделі де түбегейлі қоғамдық өзгерістерін бастан өткеріп, өзінің тұтас бір тарихын сомдады.
Елорда • 05 Шілде, 2023
Ширек ғасырда ерекше екпінмен дамыған елорданың бүгінгі келбеті кім-кімді де таңғалдырмай қоймайды. Осынау жас қаланың асқақ Астана болып қалыптасуына әрбір тұрғынының, әсіресе, халықтың басым бөлігін құрайтын жастардың үлесі зор. Арман қуып, үмітін үкілеп, Астанаға жиналған жастар өзін дамыту арқылы елорданың, елдің дамуына әсер ететіні анық. Бұл ретте бас қалада жастардың жолын ашып, жан-жақты қолдайтын мүмкіндік мол.
Қазақстан • 05 Шілде, 2023
Ата-бабамыз ұрпағына аманаттап кеткен ұлан-байтақ жеріміздің болғанына тәубе дейміз. Оның әрбір сүйемін қасиетті санап, жан аямай қорғау керектігін жас ұрпақтың санасына құйып отыру – міндет. Жастарды отаншылдыққа тәрбиелеп, қасиет пен өсиетті ұғындырып отыру әрбір қазақ азаматының ұлы борышы болуы керек.