Ұстаз • 27 Маусым, 2023
«Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан»
Қазақ халқы ықылым заманнан жақсы ұстаздан тәлім-тәрбие алған баланың келешегі жарқын болатынын білген. Сондықтан баласына жақсы ұстаз іздеген. Ұстазды қадірлеп қастерлеген, оның орны әрқашан төрде болған. Ескендір Зұлқарнайын – Аристотельді, Абылай хан – Төле биді, Шәкәрім – Абайды, Жамбыл Сүйінбайды өзіне ақылшы әрі ұстаз тұтқан. Ұлы Абай: «Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан», деп мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашағының түп қайнары екеніне көңіл аударған.
Футбол • 27 Маусым, 2023
Өткен аптада футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы келесі жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында ФИФА рейтингінде 62-орында тұрған Солтүстік Ирландия құрамасын жеңіп, сенсация жасаған болатын. Жерлестеріміздің осы бір маңызды жеңісінен соң еліміздегі футбол жанкүйерлері Магомед Адиев бастаған жігіттер әлемдік рейтингте ТОП-100 құраманың қатарына қосыла ала ма деген сұрақты кеңінен талқылап жатыр. Осы орайда оқырмандарымызға ФИФА рейтингі қалай жасалатыны, құрамаларға рейтингтік ұпай қалай берілетіні туралы аз-кем мәлімет бере кеткенді жөн көріп отырмыз.
Әлем • 26 Маусым, 2023
Ресейдегі бүлік: Себебі мен салдары
Өткен демалыс күндері бүкіл әлем Ресейге көз тікті. Тіпті елде азаматтық соғыс өрті тұтануы мүмкін деген де әңгіме айтылды. Бірақ солтүстіктегі көршімізді дүрліктірген оқиға мәселенің тым ушығып кеткенін көрсетті. Дейтұрғанмен әлемдік БАҚ Ресейдегі бір күнгі бүліктің себеп-салдарын әлі талқылап жатыр.
Әдебиет • 26 Маусым, 2023
Қазақ елі егемендік алған кезде сыртта жүрген бауырлардың арасынан ақын Дүкен Мәсімханұлы алғашқылардың бірі болып атажұртқа ат басын тіреп еді...«Қазіргі қазақ әдебиеті: даму үрдістері, есімдер мен оқиғалар» атты ұжымдық монографияның «Қазіргі қазақ лирикасы» деген тарауында ақынның шығармашылығы оң бағаланды. «Өз аспаным өзімде» атты жыр жинағына белгілі ақын Н.Айтұлы «Арынды жырдың алкүреңі» деген алғысөз жазыпты. Онда ақын шығармасына: «Ал жүйріктің жүйрігі, ұшқырдың ұшқыры – ақын қиялы. Себебі ақын қиялы үшін қас қағым сәтте кеңістікті көктей өтіп ғарышқа, мұнар шөгіп, мүк басқан уақыттың белінен бір-ақ аттап, түу бағзыдағы өткен күнге барып байырқалау түк те емес», деген баға берген.
Руханият • 26 Маусым, 2023
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада мажардың аса көрнекті ақыны Шандор Петөфидің қазақ тіліне Қадыр Мырза Әли аударған «Махаббат пен бостандық» атты жыр жинағының тұсаукесер рәсімі өтті. Халықаралық түркі академиясы мен Қазақстандағы Мажарстан елшілігі бірлесіп ұйымдастырған ұлағаты мол рухани шара әлемге танымал әйгілі тұлғаның 200 жылдық мерейтойына арналды. Айта кететін бір жайт, бостандық жыршысының өршіл рухты бұл өлеңдері бұрынырақ талантты жазушы Роллан Сейсенбаев басқаратын «Абай» клубының қолдауымен «Азынаған қара айғыр» деген атпен жарық көрген еді.