Спорт • 26 Маусым, 2023
«Сары Тарзанның» сазайын берді
Алматыда Қазақстанның «Naiza» және Ресейдің «Ural FC» промоушендерінің бірлесе ұйымдастыруымен аралас жекпе-жектен халықаралық турнир өтті. Сол кештің басты бәсекесінде орта салмақтағы Дәурен Ермеков пен Руслан Шамилов күш сынасты. Олар жоғарыда аталған қос ұйымның алтын белбеуін сарапқа салды.
Тарих • 25 Маусым, 2023
Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа рухани тәрбие беретін өзекті саланың бірі – кино саласының ұлттық бағыттағы ұстанымы көңілден шықпай отырғанына қынжылды. Арзанқол, тәрбиелік мәні төмен фильмдердің көбейіп кеткенін, бұл жас ұрпақ бойындағы отаншылдық, елжандылық, имани сезімдердің ұшталуына, қалыптасуына кері ықпалын тигізіп отырғанына да тоқталған Президент: «Өскелең ұрпақ шетелдің кейіпкеріне емес, өз батырларымызға қарап бой түзейтін болады» деді.
Тарих • 25 Маусым, 2023
Біз 1974 жылы С.М.Киров есімін иеленген Қазақ мемлекеттік университеті (қазіргі Әл-Фараби атындағы ұлттық университет) дайындық бөлімінің тыңдаушысы атандық. Әрине, бостан-бос қабылдана алмайсың. Арнайы комиссияның әңгімелесу түріндегі қатаң сүзгісінен өтесің. Комиссия құрамындағылар түрлі сұрақ қойып, біліміңді, ой-өрісіңнің деңгейін байқайды, содан соң ғана тиісті шешім қабылдайды.
Пайдалы қазбалар • 23 Маусым, 2023
Уыстағы ураннан ұлысқа пайда бар ма?
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» акционерлік қоғамына қарасты уран өндіруші 20-дан астам кеніштің 15-і Түркістан облысында орналасқан. Статистикалық мәліметке сәйкес өңірдің тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында өткен жылы 425,4 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Алдыңғы жылы бұл көрсеткіш 350,0 млрд теңге болған екен.
Форум • 22 Маусым, 2023
Алматы облысының Жамбыл ауданы орталығындағы «Жамбыл» мұражайында «Qazaqstan Ardagerleri» қауымдастығының қолдауымен, Жамбыл аудандық мәслихат депутаты Айдын Серікұлының ұйымдастыруымен «Мен жастарға сенемін!» атты жастар форумы өтті. Форумға жас мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар, кәсіпкерлер, спортшылар қатысты.