Президент • 21 Маусым, 2023
Еріктілер қоғамның дамуына үлкен үлес қосып жатыр - Мемлекет басшысы
Қазақстандағы еріктілер саны 200 мыңға жетті. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Маусым, 2023
2023 жылғы наурызда жарыққа шыққан бұл индексті «Institute for Economics and Peace» институты осымен оныншы рет жариялап отыр. Зерттеуде әлем халқының 99,7 пайызын қамтитын 163 мемлекеттегі терроризмнің ықпалына салыстырмалы талдау жұмысының нәтижесі көрсетілген. Индексте Қазақстан өзге де бірқатар мемлекет секілді 0.000 ұпаймен 93-орынға жайғасқан, яғни бұл елде соңғы бір жылда террорлық акті болмағанын көрсетеді.
Ауыр атлетика • 21 Маусым, 2023
Допинг дауына іліккен атлеттер
Қайбір жылы әлеуметтік желіде бір әріптесіміз «қазір ауыр атлеттеріміз бір жарыстан жүлде жеңіп алса қуанбайтын жағдайға жеттік. Қайта сол медалін енді қашан қайтарып алады екен деп уайымдайтын болдық» деп әзілдеп пост жазғаны бар еді. Арада көп уақыт өтпей, сол әзілі бүгінде шындыққа айналды. Себебі күні кеше еліміздің Көк байрағын әлемдік аренада биікке көтеріп жүрген бірнеше ауыр атлетіміздің қанынан тыйым салынған препарат табылғаны анықталып, жүлдені қосымша «күшпен» жеңіп алғаны белгілі болды.
Руханият • 20 Маусым, 2023
Қазақ этнографиясының шырақшысы
Баянауылды былайғы жұрт «тұңғыштар елі» деп таниды. Отандық ғылым мен өнер, мәдениет пен өзге де салаларда тыңнан түрен салған тарландардың көбі осы қасиетті топырақтан түлеп ұшқан. Соның бірі – Қазақстандағы этнографтар мектебінің негізін қалаушы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Халел Арғынбаев.
Футбол • 20 Маусым, 2023
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысып жатқан Қазақстан ұлттық құрамасы еліміздегі барша футбол жанкүйерін тағы да шаттық пен қуанышқа бөледі. Іріктеу сайыстарының төртінші турында Магомед Адиев шәкірттері сырт алаңда Солтүстік Ирландия құрамасымен тарихта алғаш рет кездесіп, футбол әлеміндегі тағы бір ірі тарихи жеңісіне қол жеткізді.