Еңбек • 20 Маусым, 2023
«Қазақмыс» және «Казцинк» компаниялары кәсіби еңбек ету қабілетінен айырылған адамдарға арналған әлеуметтік пакетті кеңейтуге бастамашы болды. Осылайша, аталған ірі кәсіпорындар өз жұмыскерлерінің өмірде тап болған қиындықтан шығуларына көмектесіп, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекеттік саясатты қолдап отыр.
Әскер • 19 Маусым, 2023
Мықты әскер – мемлекет тірегі. Ел тыныштығын қалтқысыз қадағалау – айбынды әскерге жүктелген жауапты міндет. Осы бір жауапты миссияның шетінде жүрген әр құрылымның өзіне тән ерекшелігі бар. Газетіміздің бүгінгі санында биыл құрылғанына 31 жыл толып отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне қарасты Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Нұртас Қабақовпен өрбіген әңгімемізді ұсынып отырмыз.
Табиғат • 19 Маусым, 2023
Орманымызды өрт шалмасын десек...
Көкшетауда биыл күн ыстық. Көнекөз қариялар соңғы қырық жылдың бедерінде дәл мұндай аптап болған емес дейді. Өрт қаупі күшейген кезеңнен бері өңірде 31 орман өрті болды. 18 мәрте даладағы қау шөп өртеніп, қауіп тудырды.
Спорт • 19 Маусым, 2023
Күні кеше ғана Астанадағы «Барыс Аренада» өткен «Qazaqstan Barysy Grand Slam 2023» турнирінде ел дзюдошылары жеті жүлде олжалап, барша жанкүйерлерді қуаныш пен шаттыққа бөледі. Тарқатып айтсақ, олар – 1 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль еншіледі. Бұған дейінгі жарыстың бірде-біреуінде біздің спортшылар дәл осындай орасан зор табысқа қол жеткізген жоқ.
Спорт • 19 Маусым, 2023
Елордада қоян-қолтық ұрыстан ересектер арасындағы VII әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ұйымдастырылған дүбірлі додада жер-жаһанның 32 елінен келген 312 спортшы бақ сынады. Олардың қатарында әлем мойындаған майталман жерлестеріміздің де бар екенін айта кеткен жөн.