Сұхбат • 22 Маусым, 2023
Лидия Кәденова: Тағдырым театрға таңылған
Драма, комедия, трагедия. Актриса театр өнерінің аталған осы басты үш жанрын тек сахнада ғана сәтті сомдап қойған жоқ, өмір ұсынған осынау көңілдің түрлі сәттерін пешенесіне бұйыртқан тағдыр-тақтасында да теңдей көрді, қайыспай көтерді. Ол бақытты сәттерінде дандайсып, болмаса жеңілген, қайғырған кездерінде морт сынып кетпеді. Драмаға толы өмірінің әр сәтін аялай һәм бағалай білді. Өзіне бұйырған рөлдерін абыроймен алып шықты. Күні бүгінге дейін сол тұғырынан түспей келеді. Себебі ол өнерде қандай талантты актриса болса, өмірде дәл сондай парасатты, терең адам. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Лидия Кәденованың көңіл пернесін басып көрдік. Сыңғырлаған сұлу үн салиқалы сырларын төге жөнелді.
Спорт • 22 Маусым, 2023
Өткен аптаның соңында Астанада жалауы желбіреген «Qazaqstan Barysy Grand Slam 2023» турнирінде табысты өнер көрсеткен еліміздің дзюдошылары әлемдік рейтингтегі жағдайларын біршама жақсартты. Әсіресе біз «Барыс Аренада» бас жүлдені олжалаған Мағжан Шамшадиннің өнеріне ерекше тамсандық.
Таным • 22 Маусым, 2023
Ғылымның бір аты – ізденіс. Өткен ғасырларда біздің даламызға кімдер келіп, кімдер кеткені туралы ізденісіміз нәтижелі болып жатыр. Бүгін біз Свен Андрес Хедин (1865-1952) және оның «Азия арқылы» атты саяхат кітабы туралы айтамыз. Ең алдымен, біз Свен Хединнің кім екенін оқырманға таныстыра кетейік. Жер-жаһанға аты таныс швед географы, топограф, зерттеуші ғалым және саяхатшы Свен Андерс Хедин өмірінде отыздан астам кітап жазған өз заманының зиялысы болатын. Тіпті ол өз шығармаларының иллюстраторы да болды. Небәрі 15 жасында Хедин Солтүстік теңіз жолындағы алғашқы навигациясынан кейін Арктика зерттеушісі Адольф Эрик Норденскиольдтің өз ортасына аман оралған сәтіне куә болады. Әне, сол сәттен бастап жас Свеннің зерттеуші болуға аңсары ауады. Неміс географы және қытайтанушы Фердинанд Фрейхер вон Рихтхофеннің жетекшілігімен кей зерттеулері оның Германияға деген сүйіспеншілігін оятып, Азияның жұмбаққа толы аймақтарын зерттеу үшін Орталық Азияға экспедиция жасауға ниеттенеді. Көп өтпей ол докторлық дәрежесін алып, бірнеше тіл мен соған байланысты диалектілерді үйренеді. Парсы даласына екі рет сапарға шыққаннан кейін оның ойы мен көзқарасы түбегейлі өзгереді. Тіпті ол географиялық зерттеу әдіснамасымен танысуға осы саладағы зерттеулерді жалғастыру туралы ұстазы Фердинанд фон Рихтхофеннің кеңесіне құлақ асқан жоқ.
Футбол • 22 Маусым, 2023
Швейцарияның Ньон қаласында футболдан Чемпиондар лигасы мен Конференция лигасына қатысатын командалардың жеребесі тартылды. 2023-2024 жылғы Еуродода жарыстарында елорданың «Астанасы» Чемпиондар лигасында, ал Ақтөбенің «Ақтөбе», Шымкенттің «Ордабасы» және Қостанайдың «Тобылы» бірер жыл бұрын ғана тұсауы кесілген Конференция лигасында бақ сынайды.
Зерде • 21 Маусым, 2023
Бейбарыстануды бастап берген Әбіш Кекілбаев тарихшылығының тағы бір қыры туралы
«Көптеген мемлекеттің орден-медальдарына көрнекті тұлғалардың есімі берілген. Мұндай қадамдар отаншылдық рухты асқақтату үшін қажет. Сондай-ақ тарихта өшпес із қалдырған әйгілі адамдардың есімін ұрпақ санасына сіңіру үшін керек. Мемлекеттік наградалар жүйесін жетілдіру кезінде бұл тәжірибені байыппен пайдаланған жөн. Қолданыстағы кейбір ордендерді халқымыздың біртуар перзенттерінің есімімен атау мәселесін ойластыру қажет. Мысалы, Бейбарыс Сұлтан және басқа да тарихи тұлғалар атындағы орденнің иегері атану кім-кімге де зор мәртебе болар еді».