Кәсіпқой бокс • 15 Маусым, 2023
Кәсіпқой бокстағы еліміздің даңқты боксшысы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) бүкіл алтын белбеуінен айырылды. Осыған дейін IBO чемпиондық белдігін иеленіп отырған отандасымыз бұл титулдан да бас тартты. Бұл туралы Халықаралық бокс ұйымы (IBO) мәлімдеді.
Қоғам • 15 Маусым, 2023
Әлеуметтік әділдік – елдіктің ұстыны
Әділет – мемлекеттік саясаттың өзегі. Сондықтан қоғамның барлық саласы осы қастерлі қағидаға табан тірегені жөн. Сонда ғана елде даму, халықта сенім болатыны сөзсіз. Бүгінде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев аталған ұстанымдарды ұлттық бағдарға айналдыру ісіне айрықша мән беріп отыр. Бұл неліктен маңызды және осы ұстанымдарды бекем орнықтыру үшін қандай бағыттарға назар аударған абзал? Осы сұрақтар бізді де толғантып жүргені жасырын емес.
Қоғам • 15 Маусым, 2023
Көші-қон: бетбұрыс баянды болсын
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында: «Қандастардың көшіп келуіне және ішкі көші-қонға қатысты саясат түбегейлі өзгереді. Бұл орайда демографиялық және экономикалық үрдістерді ескеру керек. Сондай-ақ жалпыұлттық мүддені басшылыққа алу өте маңызды» деп мәлімдеді.
Білім • 15 Маусым, 2023
Ауыл мектебі түзелмей, білім көші оңалмайды
Кез келген қоғамда өскелең ұрпақтың білім деңгейі мен сапасына қатысты мәселе күн тәртібінен түскен емес. Жас жеткіншектің қазір алған білімі ертең ел игілігі үшін кәдеге жарайтыны талассыз ақиқат. Білім – ұлттың келешегін қуаттайтын, дамытатын негізгі құрал. Бүгінгі таңда еліміздің даласы мен қаласындағы орта білім сапасының алшақтап тұрғандығы айқын. Сол бір алшақтықты қысқарту – өзекті мәселе.
Спорт • 15 Маусым, 2023
Халқыма қашанда қарыздармын – Ақжол Махмұдов
«Қазақ, қырғыз – бір туған» деп жатамыз. Осы орайда бөтенсітпей өзімізге тарта сөз қозғар болсақ, спортсүйер қауым Ақжол Махмұдовты жақсы біледі, оны ерекше құрмет тұтады. 1999 жылдың 15 сәуірінде Қырғызстанның Ош облысындағы Араван ауданында қарапайым отбасында туып-өскен ол, бозбала шағында-ақ балуандық өнерге мықтап ден қойды. Уақыт оза тарихта қаларлықтай талай биікті бағындырды. Ақжолдың әлем чемпионы, Олимпия ойындары мен Азия ойындарының күміс жүлдегері, Азия чемпионатының үш дүркін жеңімпазы, тағы басқа толып жатқан атақтары бар. Ал егер бұл балуан сәуір айының бел ортасында 24 жасқа толатынын ескерсек, Махмұдовтың үлкен спорттағы жарқын жеңістері әлі алда деп нық сеніммен айтуға болады. Жуырда Ақжолмен әңгіме-дүкен құрған едік