Спорт • 29 Мамыр, 2023
Қарсыласымыз – азулы Аустралия
Ұлыбританияның астанасы – Лондонда Билли Джин Кинг кубогінің финалдық турнирінің жеребесі тартылды. Еліміздің теннисшілері В тобында өнер көрсетеді. Қарсыластарымыз – Аустралия мен Словения құрамалары.
Экономика • 28 Мамыр, 2023
Сауда-саттық – экономиканың елеулі саласы болғанымен, мемлекет үшін жеке өндірістің, отандық өнімдердің маңызы айрықша. Ал азық-түлікпен қамтамасыз ету, оның қауіпсіздігі мен қолжетімділігі одан да көкейкесті. Сондықтан қазір Үкімет «Қазақстанда жасалған» мемлекеттік бағдарламасының Жол картасын талқылап жатқаны аян. Осы орайда елімізде құс етімен айналысып отырған саланың түйткілдеріне қатысты сауалдарымызға «Қазақстан құс өсірушілер одағының» президенті Руслан ШАРИПОВ жауап береді.
Тұлға • 28 Мамыр, 2023
Қазақтан шыққан тұңғыш ғарыш конструкторы
Жаңа ғарыш кемесін жасауға атсалысқан кеңес ғалымдарының арасында қазақ ғалымы да бар еді. Бірақ ол туралы кезінде айтылмады. Оған құпия мекеменің құпия маманы ретінде үнемі жасырын өмір сүруге тура келді. Бүгінде өмірден өтіп кетсе де, ол туралы ғаламтордан ақпарат таба алмайсыз. Отбасылық суреттерінен басқа ештеңе жоқ. Біздің қолымызда өмірден өтер алдында кезінде өзіне қамқоршы болып, қанатының астына алған Қызылорда облысы Қазалы ауданында тұратын туған апасы Салиха мен жездесі Ниязғалидың шаңырағына келгенде түскен жалғыз бейнесі қалды. Бұл қазақ ғалымының аты-жөні – Оңғарбай Қазыбаев.
Бокс • 28 Мамыр, 2023
Бостандық аралынан қашқан боксшылар
Бокстан Куба ұлттық құрамасы бүгінге дейін Олимпия ойындарының 78 медалін (41 алтын, 19 күміс және 18 қола) жеңіп алған екен. Бұл – боксты спорт емес, ұлттық өнер деп бағалайтын мемлекет үшін керемет көрсеткіш. Егер Куба боксшылары саясаттың арбауына түспей, Лос-Анджелес (1984) пен Сеулдегі (1988) олимпиадаларға қатысқанда, жүлделер саны бұдан да көп болуы мүмкін еді. Бірақ қазіргі таңда Куба қабыландарының аңсары Олимпиадаға емес, кәсіпқой боксқа ауа бастады.
Теннис • 28 Мамыр, 2023
Еліміздегі үздік теннисшілердің бірі Тимофей Скатов Францияда жалауы желбіреген «Үлкен дулыға» санатындағы Ролан Гаррос турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды.