Теннис • 24 Мамыр, 2023
Алдағы жексенбіде Парижде «Үлкен дулыға» санатына кіретін жарыстардың бірі – Ролан Гарростың шымылдығы түріледі. Жүлде қоры 49 600 000 еуроны құрайтын дүбірлі додада әлемнің барлық мықты теннисшілері бақ сынайды. Солардың қатарында Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Александр Бублик сынды Қазақстанның ең үздік ойыншылары да бар. Олар турнирдің негізгі бөлігіне бірден жолдама алды. Ал Тимофей Скатов іріктеу сайыстарына қатысып жатыр. 10 маусымға дейін созылатын аса жауапты жарыста жерлестерімізге сәттілік тілейміз.
Спорт • 24 Мамыр, 2023
Goal басылымы 2023 жылдың қорытындысы бойына «Алтын доптан» үміткерлердің тізімін жариялады.
Сұхбат • 24 Мамыр, 2023
Өткен жылы Жанкент археологиялық экспедициясының барлау тобы Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан Адам ата кешеніне зерттеу жүргізген еді. Археологтар құм қойнауынан өткен тарихтан дерек беретін бірталай мұра қазып алып, зерттеуге кірісті. Ежелгі Қуаңдария бойындағы кешеннен табылған жәдігерлер ғалымдардың ерекше қызығушылығын тудырып отыр. Басты олжа – ертедегі ғалымдардың «Сырдың бойында Түркістанда туып, 1693-1748 жылдар аралығында ғұмыр кешкен атақты хан, қаһарман қолбасшы Әбілқайырдың ордасы болған» деген пікірін тірілтуге тиянақ боларлық деректер ұштығының шыққаны. Бұл туралы экспедиция жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Әзілхан Тәжекеевтен сұрадық.
Тарих • 24 Мамыр, 2023
Омбы қазақтарының майдандағы ерлігі
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына, міне, 78 жыл өтті. Отты жылдар мен қан майдан куәгерлерінің көбі бүгінде өмірде жоқ. Ел басына қиын-қыстау күн туғанда белді бекем буып, ешбір қауіп-қатерден қаймықпай ерен ерлік танытқан азаматтарымыз қаншама? Сондықтан сұрапыл соғыс жылдары қаза болған, жоғалып кеткен сарбаздарды анықтап, мұрағаттық-іздестіру жұмысымен жүйелі айналысудың маңызы зор. Мұндағы мақсат – үзіліп қалған ұрпақ сабақтастығын жалғау, тарихымызды түгендеу, жас ұрпаққа ата-баба рухына деген адалдықты қалыптастырып, ерекше құрмет көрсету.
Тұлға • 24 Мамыр, 2023
Ұлттық кітапханада М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, белгілі жазушы Нұрдәулет Ақыштың 2 томдық «Қазақ балалар әдебиетінің тарихы» туралы монографиясы таныстырылды.