Руханият • 24 Мамыр, 2023
1962 жылдың қысы, Ақтөбе облыстық филармониясына көркемсөз оқушы болып орналасқан кезім. Мәдени-ағарту училищесінде оқып, жатық сөйлеуді үйреніп жүрген, дауысым да тәп-тәуір, тәжірибем аздау болатын. Тап сол жылы әртістерді аттестациядан өткізуге Алматыдан комиссия келе қалды.
Спорт • 24 Мамыр, 2023
Дохадағы әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін дзюдошылардың әлемдік рейтингі қайта жаңартылды. Өкінішке қарай, сол жарыста Қазақстан құрамасы сәтсіз өнер көрсетіп, сенім артқан серкелеріміз өз жанкүйерлерін жерге қаратты. Соның салдарынан рейтингтегі нәтижеміз де төмендеді. Қазіргі кезде отандастарымыздың арасынан тек Әбиба Әбужақынова ғана ТОП-10-дыққа еніп отыр. Ал қалған балуандар қалың топтың қатарында жүр.
Медицина • 23 Мамыр, 2023
МӘМС: Қордаланған мәселе қалай шешіліп жатыр?
Қоғамда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің тиімділігіне күмәнмен қарайтындардың қатары әлі де көп. Мұны медициналық көмекті тиісті деңгейде ала алмай жүрген халықтың қынжылысынан байқауға болады. Бірақ көпшіліктің талап-тілегін ескере отырып, бұл бағытта атқарылып жатқан іс-шаралардан ілгерілеушілік те сезіледі. Бұған Орталық коммуникациялар қызметі алаңында келтірілген мағлұматтан көз жеткіздік.
Тәрбие • 23 Мамыр, 2023
Ұрпақты ұлттық тәрбиеге қалай баулимыз?
Бұрын тәрбие мен білім егіз деуші едік. Қазір сол егіздің сыңарының бірі дәріптеліп, екіншісі көп айтыла бермейді. Шын мәнінде, тәрбие – ізгі дүниенің бастауы. Соның ізімен білім мен ғылым жүрсе, қоғамда әділдік орнап, адамгершілік байрағы желбірейді.Халқымыз «Тәрбие табалдырықтан басталады» деп бекер айтпаған. Тәрбиенің негізі отбасында қалыптасады. Отбасында ұлттық тәрбиенің қайнарына қанып өскен баланың болашағы да зор. Оған көптеген мысал келтіруге болады. Одан кейін мектептегі тәрбиенің орны бөлек. Қазір біз осы екі тараптағы тәрбиені босаңсытып алдық. Сан ғасыр бойы қалыптасқан ұлттық тәрбиеден де ажырап барамыз. Соның кесірінен қоғамда жеткіншектер арасында түрлі келеңсіз жағдай болып жүр. Әрине, бала тәрбиесінің жауапкершілігі өте жоғары. Осы тақырыпқа арнайы дөңгелек үстел ұйымдастырдық. Оған «Қарашаңырақ» ұлттық тәрбие мектебінің жетекшісі Тұрар Шәкен, Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің бас сарапшысы Ақтоты Кемалова, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық ғылыми зерттеу университетінің кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Марал Есекешова, Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы №126 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Самат Жұмаділ және «Онлайн отбасы» академиясының негізін қалаушы, кәсіби отбасылық психолог Ержан Мырзабаев қатысып, ой бөлісті.
Руханият • 23 Мамыр, 2023
Бекасыл әулие ел даналары ортасында
Мұрасы рухани құндылықтарды байытқан ұлтымыздың даңқты перзенті Бекасыл Биболатұлы туралы соңғы кезеңде біраз игілікті іс-шара жүзеге асырылды. Қаламгерлерден Мамытбек Қалдыбай, Құралбек Ергөбеков, т.б. кітаптары, мақалалары жарық көрді.