Руханият • 22 Мамыр, 2023
Қанағаң аялдаған, Қалмұқан туған үй
Әйгілі кентанушы Қосым Пішенбаев туралы мәліметтерді іздеп жүріп, Баянауылда бұрын ел естімеген деректерге кенелдік. Ауданның қақ төрінде кезінде Қаныш Сәтбаев ұзақ уақыт аялдаған, жазушы Қалмұқан Исабаев дүние есігін ашқан көне үй сақталып қалыпты.
Жәдігер • 22 Мамыр, 2023
Астана қаласындағы Юнус Эмре атындағы Түрік мәдени орталығы өткен жылдары елорда төрінде «Османлы мемлекеті мен Орта Азия хандықтары қарым-қатынас құжаттары» атты көрме ұйымдастырды. Осында 1703 жылдан 1730 жылға дейін Османлы империясына билік жүргізген ІІІ Ахмет сұлтанға жолданған қазақ ханы Қайыптың хаттары қойылды.
Тарих • 22 Мамыр, 2023
Халыққа қызмет ету білімнен бе, мінезден бе?
Осыдан 106 жыл бұрын, 1917 жылы 27 ақпанда халықтар түрмесіне айналған Ресей империясында ақпан төңкерісі болып, патшалық режім құлады. 1916 жылдың маусым айынан ақ патшаға қарсы атқа қонған қазақ бұл түбегейлі өзгерісті қуана қарсы алды. Сол жылдың қазан айында большевиктік төңкеріс өтіп, ол 5 жылға созылған қанды Азамат соғысының басталуына түрткі болды. Ресей халқы «ақ» пен «қызыл» және оларды мойындамайтын «жасыл», «қара» секілді сансыз қозғалыс пен партияға бөлініп, өзара аяусыз қырқысты. Қантөгіс, адам өлтіру қалыпты жағдайға айналды. Сондай өтпелі кезеңде шет ұлттардан шыққан зиялылар өз талаптарын қоя білді және олар елемеуге болмайтын күшке айналды. Қазақ бұл кезеңде «артта қалған қараңғы халық» саналғанымен, тарихтың жауапты шағында оның арасынан жұлдыздай жарқыраған тарихи тұлғаларын шығарып, ұлттың жоғын жоқтатып, мұңын мұңдата алды.
Сұхбат • 22 Мамыр, 2023
Халима Якоб: Қазақстанмен берік достығымыз – терең сенімнің көрінісі
Қазақстан мен Сингапур арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толды. Осы уақыт ішінде өзара тиімді саяси, экономикалық ынтымақтастық және Қазақстан мен Сингапур халықтары арасындағы достық байланыстың берік негізі қалыптасты.
Қаржы • 22 Мамыр, 2023
Мемлекетте ел-жұртпен кеңесіп іс жүргізуді қажет ететін саланың бірі – қаржы саласы. «Келісіп пішкен тон келте болмас» деген дана халқымыз әр істі кеңесіп, келісіп атқарғанда ғана береке болады дейді. Береке – аз табыстың көп пайда әкелуі, іске жарауы деген сөз.