Білім • 18 Мамыр, 2023
Адамгершілік тәрбие адастырмайды
Қазір елімізде мемлекеттік органдарды реформалау, саяси партиялар жүйесін дамыту, сайлау үдерісін жаңғырту, құқық қорғау институттарын нығайту сияқты қоғамның дамуы үшін аса өзекті үрдістер жүріп жатыр. Қоғамның саяси және құрылымдық реформаларының бәрі адамға, оның ішкі ниеті мен ұмтылысына, құндылығы мен мақсатына, құлшынысы мен әрекетіне негізделгенде жеміс бермек. Демек Әділетті Қазақстанды құру жас ұрпақ тәрбиесіне де тікелей байланысты.
Қоғам • 18 Мамыр, 2023
Құндылықтар қақтығысы немесе қасиетті жердегі арандатудың мақсаты не?
Қоғамда өз құқықтарын қорғаймыз деп шу шығарып қоятын «әлеуметтік азшылық» – ЛГБТ туын соңғы уақытта еліміздің әр жерінен жиі көзіміз шалып жүр. Қазір олардың кірмей жатқан тесігі жоқ десе де болады. Халықтың, әсіресе жас балалардың көзін де, етін де үйрете беру үшін өз насихаттарын мультфильмдерге де қосты, ойыншықтар арқылы да көрсетіп жатыр, TikTok секілді жасөспірімдер көп отыратын желілерді де біртіндеп жаулап келеді.
Әдебиет • 18 Мамыр, 2023
Тарих • 18 Мамыр, 2023
«Солақай бола тұра, домбыраны ойнатуын-ай!..»
Ұлытау өңірінде ағайынды Садық және Яхия Асатовтарды жақсы біледі. Өкінішке қарай, Садық Асатов қазір арамызда жоқ. Биыл туғанына 90 жыл толатын Сәкеңнің өмірден озғанына 35 жыл болды. Бар болғаны 55 жыл ғұмыр кешкен оның ардақты есімі елінің жадынан өшкен емес.
Сұхбат • 18 Мамыр, 2023
Оразкүл Асанғазы, қоғам қайраткері: Ізденіс адамды қартайтпайды
«Жансарайдың» кезекті қонағы – қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл АСАНҒАЗЫ мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтату мақсатында әлі де еңбек етіп келеді. Оған сұхбат барысында тағы бір мәрте көз жеткіздік. «Біздің ең басты трагедиямыз – тарихымызды білмедік», деген кейіпкеріміз соңғы бір аптада 300-ден астам мемлекеттік қызметшіге «Тіл құбылысының ұлттық мазмұны мен мемлекеттік мәртебесі» тақырыбында дәріс өткізген. «Сол 300-дің ең құрығанда 30-ының жүрегіне сөзім жетсе, бұл – мен үшін жеңіс», дейді өзі.