Жануарлар • 18 Мамыр, 2023
Арқа жайлы болмай тұр киіктерге...
Ақ киіктерді алғаш көруім. Пойызбен өтіп бара жатып көзден таса болғанша аңдап үлгердім. Киіктер жалтаң-жалтаң етіп жайылады екен. Басын оңды-солды шұлғығанда, ауада жеңіл қалқып жүргендей сүйкімді көрінеді. Наурыздың 21-і күні Қарағанды облысындағы Дария мен Бұрма ауылын басып өтетін теміржол бойында жалтаң-жалтаң етіп жайылып жүрді. Ішінде мүйізді текесі бар. Мұндай сұлу жаратылысты көрсемші! Жер алашабыр, бір жерде бар, бір жерде қар жоқ. Сонда жайылып жүрген киіктерді көріп қуанған жүрегім, өткенде Жаңаарқаның жазығында шашылып қалған бөкендердің өлексесін көріп күл-парша болды.
Теннис • 18 Мамыр, 2023
Елена Рыбакина Римде өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы «Internazionali BNL d’Italia» турнирінде кезекті жеңісіне қол жеткізіп, өз карьерасында алғаш рет Италиядағы жарыстың жартылай финалына шықты.
Өнім • 18 Мамыр, 2023
Азық-түлік қауіпсіздігі: меже мен мүмкіндік
Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте азық-түлік қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Экономист ретінде осы мәселе төңірегінде тереңірек ой өрбіткенді жөн көрдім.
Саясат • 18 Мамыр, 2023
Демонополизация һәм мемлекеттік монополия
Жақында Алматыда Еуразиялық монополияға қарсы 9-форумда мемлекеттік органдар, сарапшылар қауымдастығы және бизнес өкілдері бәсекелестікті қорғау және монополияға қарсы реттеу мәселелерін тағы да талқылады. Қатысушылар монополияға қарсы заңнаманы бұзу туралы дауларды қарау тәжірибесімен бөлісті, алдын алу шаралары және тәуекелдерді азайту туралы әңгімелесті. Доминант компаниялардың баға белгілеу мәселесі және аграрлық сектор нарығындағы бәсекелестікті дамыту және қорғау тақырыбы көтерілді. Осы форумға қатысқан Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқа мүшесі Бақыт Сұлтанов бәсекелестікті қорғау жөніндегі комиссияның жұмысы туралы айтып берді.
Сұхбат • 17 Мамыр, 2023
Осы күні Абай шығармаларын оқып, түсініп, дананың ұлағатты сөздерін өмірдің кейбір сәттерімен салғастырып, «апырмай, Абай қалай дәл айтқан» деп, хакімнің есімін аузынан тастамай айтып жүретін азаматтар сиректеу болса да кездесіп қалады. Мұндай адамдар көбіне оқу-білім, мәдениет саласында жүргендердің арасынан шығып жатады. Ал іскер жандар, дәлірегі әлгі оқу-білім, руханияттан басқа салаларда еңбек етіп жүргендер қатарынан Абай шығармаларынан мысал келтіре сөйлейтіндер сирек кездесетіні рас...